Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ПАУЭРЛИФТИНГТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ САҢЛАҚТАР ТОЛАҒАЙ ТАБЫСҚА ЖЕТТІ
    Айғақ MEDIA

    ПАУЭРЛИФТИНГТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ САҢЛАҚТАР ТОЛАҒАЙ ТАБЫСҚА ЖЕТТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.09.2022423 Views
        Қазіргі таңда Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында барлық жас ерекшеліктері бойынша зіл темір көтеруден кезекті Азия чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Тәуелсіз Қазақстанның намысын жоғары деңгейде қорғап жатқан Түркістан облысының №2-ші облыстық олимпиадалық спорт мектебінің талантты спортшылары ғаламат жетістіктерге жетуде.
    Мақсаттары айқын түркістандық спортшылар — 53 келідегі дарынды Алишер Заитов пен 52 келіде өнер көрсеткен Алена Гладкова жеңістің шыңын бағындырып, алтын медаль иеленді. Сонымен қатар жерлестеріміздің арасында Сарвиноз Насиридионнова да жеңімпаз атанды. Ұлттық құрама қоржынына бұдан басқа алтын медаль салған Алена Гладкова да бар.
         Қуанышты жаңалық, Түркістан облысының талантты спортшы қызы Барно Джумабаева керемет ойын көрсетіп, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Әлем мен Азия чемпионатының рекордын жаңартты. Жерлесіміз бұл жарыс жолында қарсыластарын басып озып, 500 грамм салмақ арттырды.
    Сары құрлық елдерінің ең талантты деген спортшылары қатысқан бұл Азия чемпионтында 84 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Ирада Абдырова мен +84 келідегі жерлесіміз Сарвиноз Насириддинова да тамаша жеңістің үлгісін көрсетті. Бұл жеңімпаздар — білікті басшы әрі жастардың жанашыры Нұрлан Айтмурзаев жетекшілік ететін облыстық №2-ші облыстық олимпиадалық спорт мектебінің шәкірттері.
    Жекпе-жек спорт түрлерінен де жерлестеріміз сенімді ақтады. Акбар Елубайұлы джиу-джитсудың екі түрінен Азия чемпионы атанды.
         Өзбекстан мемлекетінің Бұқара қаласында 8-11 қыркүйек айында джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтті. Айтулы додаға қатысқан созақтық Акбар Елубайұлы қарсыластарынан басым түсіп, тұғыр биігінен көрінді.
    Айта кетуіміз керек Акбар Елубайұлы қазан айында «Naiza fighting championship» кәсіпқой промушінінде өнер көрсетеді.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.