Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA» ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА БАЛАБАҚША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
    Айғақ MEDIA

     ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА БАЛАБАҚША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.09.2022342 Views
            Түркістан облысы, Түлкібас ауданында 100 балаға шақталған «Жас дарын» жеке балабақшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадірбек, округ әкімі М.Телғараев қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.
    Аудан әкімінің орынбасары әлеуметтік нысанды жеке өз қаржысына соққан Байбатшаев Теміржан Асайұлына аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, Алғыс хатын табыс етті.
    Осы уақытқа дейін ескі ғимаратта мектепке даярлық білімін алып келген Балықты ауылының бүлдіршіндері енді жаңа, барлық стандартқа сай балабақшаға көшіріледі.
    Бүгінде ауданда 51 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның ішінде 48 балабақша, 3 шағын орталық қызмет көрсетуде. Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды.
    Қазіргі таңда ауданымызда барлық балабақшаларға кезекке қою, жолдама беру, қабылдау «balabaqsha.snation.kz» жүйесімен автоматтандырылған. Ендігі кезекте балалардың балабақшаға келуін есепке алуды автоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл нақты баланың келіп-кетуін бақылайтын ашық жүйе болмақ. Сонымен қатар алдағы уақытта балабақша педагогтеріне арналған оқу-әдістемелік кешенімен, көмекші материалдардан тұратын «bilimkids. kz» онлайн білім беру платформасын енгізу жұмыстары іске аспақ. Бұл өз кезегінде тәрбиешілердің білімін шындап, заманауи оқу-процестерін меңгеруге зор септігін тигізбек.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.