Шымкент қаласы әкімдігінің жаңа ауданға «Тұран» атауын беру туралы ұсынысы да қолдау тапты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мәдинет және спорт министрлігінің баспасөз қызметтіСондай-ақ, комиссия мүшелері мемлекеттік меншіктегі бірқатар объектілерге атау беру және қайта атау туралы ұсынысқа оң қорытынды берді.
«Қоғамда ономастика мәселелерінің әлеуметтік маңызы зор. Барлық ұсыныстар сараптамалық және ғылыми орта өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қатысуымен қаралады. Соңғы уақытта комиссия бірінші кезекте азаматтардың пікірін ескеріп, бірқатар маңызды шешімдер қабылдады», — деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.