Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Ө.ШӨКЕЕВ БЕЙБІТ КҮНІҢ БАТЫРЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
    Айғақ MEDIA

    Ө.ШӨКЕЕВ БЕЙБІТ КҮНІҢ БАТЫРЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.07.20221 023 Views

        Ерлік жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Дегенмен Түркістан өңірінде өз басын қауіпке тігіп, өзгенің өмірін қорғап қалған азаматтар бар. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бейбіт күннің батырларын қабылдап, құрмет көрсетті деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

       — Бүгін біз шын мәнінде нағыз патриот, батыл азаматтармен жүздесіп отырмыз. Сіздер қазіргі жастар үшін үлгісіздер. Олар отаншылдықтың не екенін сіздерден үйренеді.
    Жалпы Түркістан облысында патриоттар өте көп. Арыс апаты мен Мақтааралдағы су тасқынында облысымыздың ерікті жастары, патриоттары күндіз-түні елге қызмет етті. Оны ел жақсы біледі. Бұның бәрі өңір тұрғындарының мықтылығын, елге жанашырлығын көрсетеді. Сіздер тұрғындарды өрттен, апаттан құтқарып, ерлік жасадыңыздар. Бейбіт күннің батыры атанып жүрсіздер. Қасиетті байрағымызды оттан алып шыққан бауырымызға да рахмет. Осындай азаматтарды елге танытып, насихаттауымыз керек. Біз сіздермен мақтанамыз, — деді Өмірзақ Шөкеев.
        Батылдық пен батырлықтың үлгісін көрсеткен Түркістан облысының азаматтарын облыс әкімі «Түркістан облысына сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісімен марапаттады. Олардың бірі —күні кеше ғана ерлігінің арқасында елге танылған Қансейіт Мұхаммед. Оның отаншыл болмысын күллі ел көрді. Сайрам аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері Ақсукент ауылында орналасқан әрі өзі жұмыс істейтін ғимаратта болған өрт кезінде шатыр үстіндегі Мемлекеттік Туды оттан алып шыққан болатын.
        Хайруллаев Аян Рысбекұлы — Жетісай аудандық полиция бөлімінің миграция бөлімшесінің басшысы. Ол төнген қауіпке қарамай, бейтаныс кейуананы өрттің ортасынан аман алып шыққан.
        Нұрғали Керімбеков — Кентау қаласы, №12 Өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты. Өз ісінің шебері су құбырына құлап кеткен 2 жастағы баланы құтқарып алды.
        Батырлардың бірі Рысбек Мейірбек Нұржігітұлы — Қазығұрт ауданының тұрғыны. Ол әжетханаға түсіп кеткен 1 жастағы баланы құтқарып алып шығып, елді сүйіндірді.

        Батыл азаматтар өңір басшысының ілтипатына ризашылық білдіріп, қоғамның дамуына қызмет етуге дайын екендерін жеткізді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.