Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ГЕНЕРАЛ М.ҚАБДЕНОВ ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ҚАЙТЫС БОЛҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЖҰБАЙЛАРЫНА МЕРЕКЕЛІК СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАДЫ
    Айғақ MEDIA

    ГЕНЕРАЛ М.ҚАБДЕНОВ ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ҚАЙТЫС БОЛҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЖҰБАЙЛАРЫНА МЕРЕКЕЛІК СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.06.2022951 Views

     «Қазақстан Полициясының 30 жылдығына» байланысты Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен кең көлемді, елдің есінде қаларлық ерекше іс-шара өткізілді. Департамент бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов барша полицейлерді мерекемен құттықтай отырып, қызмет атқару барысында жұлдызы ерте сөнген қызметтестерін ерекше сағынышпен еске алды.

     Сондай-ақ қиын да қауіпті салада еңбек ете жүріп, қаза тапқан полицейлердің жұбайларын арнайы қонақ етіп шақырып, құрмет көрсетті. Яғни шараға Бағдәулет Елшінбеков, Мұхтар Сарыбаев, Рысбай Құдайбергенов, Айтжан Ғайбуллаев, Расул Наршабаев, Атымтай Ахметовтердің жұбайлары мен жақындары келді. ТО ПД бастығы аталған ақжаулықты аналарға гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтарын табыстады. Сонымен қатар А.Ахметовтің жұбайы Гүлмира ханымға, Сарыағаш қаласындағы шипажайға жолдама тарту етті.

     Киелі өңірдің бас полицейі М.Қабденов өз сөзінде: «Полиция қызметкері таңертең жұмысқа шыққанында, өзін алда не күтіп тұрғанын білмейді. Мүмкін ол қарулы қылмыскермен бетпе-бет келетін шығар. Мүмкін ұрыны, алаяқты ұстайтын болар. Ал күдіктілерді құрықтау кезінде оның полицейді жараламайтынына кепілдік жоқ. Десекте халыққа қызмет етемін деп ант берген полицей, қандай жағдай болмасын өз жанын қиюға әзір. Бізде тарих беттерінде бұған дәлел болар оқиғалар жетерлік. Олардың ерлігі әрқашан біздің жадымызда!», — деп атап өтті.

     Түркістан облысының полицейлері бүгінгі күннің батыры саналатын, аталмыш полицейлердің есімдерін, олардың отбасын тек мереке күндері ғана емес, әрдайым қолдап, қал-жағдайларын біліп отыруды дәстүрге айналдырған. Ең бастысы «Ер есімі – ел есінде».

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.