Шымкентте улы газдан зардап шегушілердің қатарын азайту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін Қаратау ауданында өткен шара, бүгінде Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен өтті. Атап өтейік, аталмыш бастама қалалық орта сапасы және бақылау басқарамсымен газ техникалық инспекциясының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.
Маусымдық кезеңде газдан улану жағдайлары жиі ұшырасады. Орны толмас оқылыққа жол бермес үшін, қауіпсіздік ережелерінен хабардар болу және есте сақтау маңызды. Осы орайда қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бастамасымен газ техникалық инспекция бөлім Әл-Фараби ауданының аумағында орналасқан Арбат демалыс аймағында үн парақтар үлестірді. Аталған іс-шараға аудандық төтенше жағдайлар басқармасы, әкімдік қызметкерлері және еріктілер жұмылдырылды.
Төтенше жағдайлар орын алмас үшін Әл-Фараби ауданы аумағында осы уақытқа дейін, 2000-ға жуық үйге түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Улы газдан зардап шегу бойынша 2021-2022 жылды қоса алғанда улы газдан улану дерегі бойынша 12 жағдай орын алған.
Ерікті болу-өз уақытын аямау, өзгенің өмірін бағалау-деп есептейтін Қаламқас Мұратқызы төтенше жағдайлардың алдын алу, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, үйреншікті іс әрекеттері екенін алға тартады. Ол аталмыш шараға Әл-Фараби ауданынан 25 ерікті алып келгенін тілге тиек етті.
Төтеншеліктер оқыс оқиғалардың алдын алу керектігін ескертеді. Сондай-ақ, өрт шыққан немесе басқа да төтенше жағдай орын алып, адам газдан уланған кезде не істеу керек? Мамандар мен еріктілер бәрін жан-жақты қамти отырып, түсіндіру шараларын жүргізді.