• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА!

01.06.2022
0

 Бар жақсылық балаларға! Бүгін еліміздің әр аймағында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай салтанатты шаралар өтуде. Үшінші мегаполисте де бұл дата жоғары деңгейде тойланды. Шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласының кішкентай тұрғындарын төл мерекелерімен құттықтап, дарынды жастармен кездесті. Іс-шара соңы мерекелік бағдарламаға ұласып ән мен жырдан шашу шашылды.

 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жыл Балалар жылы деп жарияланды. Осыған орай Шымкент қаласында балалар жылына орай қалалық қазынадан 44 млрд теңге қаралып, 84 тармақтан тұратын арнайы жоспар бекітілді. Бүгінгі іс-шара соның бір үзігі. Әл-Фараби алаңында орналасқан Орыс драма театрының ауласында қаламыздың кішкентай тұрғындары бақытты балалық шақты бейнелеп, асфальтке сурет салды. Айта кетейік, бұл шараға 500 оқушы қатысты. Сонымен қатар, қала тұрғындарынан бөлек қала қонақтары да бүгінгі игі шараға куә болып, өздерінің жоғары бағасын берді.

Іс-шараға арнайы келген шаһар басшысы балалармен пікір алмасып, олардың өнерін тамашалады. Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы. Шымкент қаласының абыройын асқақтатып, білім-ғылым саласында қарышты қадам жасап, жүлделі орындарды қоржынға салып келе жатқан жас дарындар да бүгінгі шарада бой көрсетті. Шаһар басшысы оқушылармен тілдесіп, білім саласындағы жаңалықтарға қанық болды.

Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады. Халықаралық балаларды қорғау күні — бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың құқығын қорғап, қамқор болуға үндейтін  ерекше күн. Шымкент қаласының биылғы оқу жылында жеткен жетістігі ауыз толтырып айтарлық.150 оқушы халықаралық, республикалық бәйгелерде топ жарып, мегаполис мәртебесін асқақтатты.

Өнер білім озаттарына мерекелік бағдарлама аясында шаһар басшысы жазғы лагерьге жолдама табыстап, келесі байрақты бәсекелерде бақ сынап, биік шыңдарды бағындыруға ыстық ықыласын білдірді. Айта кетейік, Балалар жылына бекітілген жоспар аясында Шымкент қаласында алғаш рет 1-4 сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. Бұл алдағы оқу жылдарында да дәстүрлі түрде жалғасын таппақ. Сонымен қатар, 1,5 жылдың ішінде мектептегі пән кабинеттерінің керекті құралдармен қамтылу деңгейі 30 пайыздан 60 пайызға дейін көтерілген. Өздеріңізге мәлім оңтүстік өңірінде демографиялық өсім жоғары. Бір Шымкент қаласында жыл сайын оқушылар саны 20 мыңға артып отыр. Ал  2021-2025 жылдар аралығында Шымкент қаласында 101 мектеп салу жоспарланған болса,қазіргі таңда бұл меженің 50 пайызы орындалды.

Previous Post

1 МАУСЫМ — ҒАЖАП ЖАНДАР МЕРЕКЕСІ!

Next Post

“АЙҒАҚ” ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТҮСІРІЛІМ ТОБЫ “АУСТРИЯ ЖОЛЫНАН” ӨТТІ

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Баспанаға қол жеткізу – әр отбасының басты арманы, ал әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар үшін бұл мәселенің маңызы тіпті жоғары....

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.