Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»«ҚАЗАҚФИЛЬМДЕ» АСАНӘЛІ ӘШІМОВТІ МЕРЕТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАП, ТҰЛПАР МІНГІЗДІ
    Бас ақпарат

    «ҚАЗАҚФИЛЬМДЕ» АСАНӘЛІ ӘШІМОВТІ МЕРЕТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАП, ТҰЛПАР МІНГІЗДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.05.2022310 Views
    ????????????????????????????????????

    «Қазақфильм» киностудиясында қазақ киносының абызы, Кеңес Одағының және Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтың 85 жасқа толуына орай  салтанататты шара өтті, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

    Жақында ғана мерейтойын атап өткен дарын иесі ұлттық кинематографияның алтын қорына енген Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек», Шәкен Аймановтың «Атаманның ақыры», Мәжіт Бегалиннің «Тұлпардың ізі», Хуат Ахметовтың «Ка мырза, Сіз кімсіз?» және басқа да көптеген фильмдерді жарыққа шығарған қазақ киносының қара шаңырағы – «Қазақфильм» киностудиясында өзінің мерейтойын өнердегі әріптестері мен жақындарының ортасында атап өтті.

     

     

     

    Салтанатты шараны ашқан «Қазақфильмнің» президенті Ақан Сатаев Асанәлі Әшімовты 85 жасқа толуымен құттықтай отырып, қазақ киносының аңызы атанған актердің еліміздің мәдениетіне қосқан ерекше үлесі туралы айтып, оған ұзақ ғұмыр, зор денсаулық және отбасына бақ-береке тіледі.

    Кеш соңында қазақтың салт-дәстүрі бойынша Асанәлі Әшімовке құрмет көрсетіліп, асыл тұқымды тұлпар тарту етілді. Сонымен қатар, мерейтой иесіне режиссер ретінде түсірген және өзі түскен картиналардан құралған фильмдер жиынтығы сыйға берілді. Айта кетсек, олардың қатарында Асанәлі Әшімовтың мерейтойына орай «Қазақфильм» киностудиясы түсірген режиссер Төлеген Нұқытовтың «Өмірім-өнерім» атты деректі фильмі де бар.

    ????????????????????????????????????

    Мерейтой иесін құттықтауға киностудия қызметкерлерімен қоса өнердегі әріптестері мен шәкірттері, атап айтсақ, белгілі режиссер Болат Қалымбетов, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды, Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов, Бауыржан Қаптағай, Айдос Бектеміров сынды актерлер келіп, жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.