• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 3, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГРАРШЫЛАР ЕГІСТІКТЕР МЕН ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ САҚТАНДЫРА АЛАДЫ

07.04.2022
0

Ауыл шаруашылығы министрлігі дәнді және майлы дақылдарды, сондай-ақ жайылымдарды сақтандыру бойынша бағдарламаларды іске асыру жұмыстары басталғанын хабарлайды. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру операторы — «Аграрлық несие корпорациясы». Сақтандыру шарттарын www.qoldau.kz сайтындағы Agroinsurance ақпараттық жүйесінде жасауға болады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Сақтандыруға болатын дақылдарға бидай, арпа, сұлы, жүгері, күнбағыс, рапс және зығыр жатады. Сақтандыру Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының аграршылары үшін қолжетімді.

Дәнді дақылдар бойынша топырақта ылғал жетіспеушілігінен сақтандыру шарттарын 2022 жылғы 16 сәуірге дейін, майлы дақылдар бойынша – 30 сәуірге дейін жасасуға болады.

Құрғақшылықтан сақтандыру бойынша сақтандыру кезеңі үш фазаға бөлінген. Егер егістер 15 мамырдан 14 тамызға дейінгі кезеңде (үш фазалы өнім) сақтандырылатын болса, онда сақтандыру полисінің құны сақтандыру сомасының 4,8% құрайды. Егер сақтандыру кезеңі 15 маусымнан 14 тамызға дейін жалғасатын болса (екі фазалы өнім), тариф сақтандыру сомасының 3,2% тең болады.

Өнімдер бойынша мемлекеттік қолдау сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау түрінде көзделіп отыр, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сақтандыру полисі 50% арзандатылады.

Құрғақшылықтың басталуы сақтандыру компаниясының топырақтағы ылғал туралы жиналған мәліметтері негізінде есептейтін индекстер негізінде анықталады. Келесі маусымға есептеу кезінде әрбір аудан бойынша, оның ішінде өткен жылғы ауа райы деректері ескеріледі. Осылайша, индекс мәндері жыл сайын өзгеріп отырады. Сондықтан әлеуетті сақтанушылар сақтандыру шарттарын жасасу кезінде индекстердің жаңа мәндеріне назар аударуы қажет.

Егістіктерді құрғақшылықтан сақтандырудың екі жылының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1 млрд 327,3 млн теңге төленді, бұл ретте аграршылар енгізген сақтандыру сыйлықақысының сомасы 241,5 млн теңгені құрады, тағы 241,5 млн теңге мемлекеттік субсидиялар ретінде енгізілді.

Министрлік шаруалардың назарын жаңа өнім — жайылым биомассасы тапшылығының индексіне негізделген жайылымдарды сақтандырудың бекітілгеніне аударады. Бір жылдық және көп жылдық шөптері бар жайылымдарды сақтандыруға болады. Сақтандыру кезеңі – 1 мамырдан 30 тамызға дейін, тариф 3,2 %. Жайылымдарды 2022 жылғы 16 сәуірге дейін сақтандыру қажет.

Алқаптарды бақылау өсімдіктерді судың салыстырмалы мөлшерін тіркейтін және биомасса тапшылығы индексінің көрсеткіштерін қамтамасыз ететін жерді қашықтықтан зондтау көздерімен жүзеге асырылады.

Өнім бойынша 50% мөлшерінде сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау жүзеге асырылатын болады.

Шарт жасағаннан бастап сақтандыру төлемдеріне дейінгі барлық рәсімдер электрондық платформада жүргізіледі. Процестерді автоматтандыру адами фактордың әсерін болдырмауға мүмкіндік береді және олардың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Жүйеде Қазақстан Республикасының Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің лицензиясы бар сақтандыру компаниялары жұмыс істейді. Сондай-ақ жұмыс істеу үшін әлемдік нарықта «а» рейтингі бар үш халықаралық қайта сақтандыру компаниясы тартылды, олар отандық компаниялар өзіне алған тәуекелдерді қайта сақтандырады. Бұл өз активтерін сақтандырған компанияларға кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БІР ТӘУЛІКТЕ 543 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

БІР ТӘУЛІКТЕ 543 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Масаң күйде көлік жүргізген азамат жүргізуші куәлігімен қош айтысты. Енді 7 жылға дейін көлік тізгіндей алмайды. Оқиғаның мән-жайы былай. Қазір...

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Шымкентте патрульдік полицейлер өрттің алдын алдв. Ташенов көшесін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары қою түтінді байқап, оқиға орнына бірден жеткен. Олар...

ГАРНИЗОН КӨЛІКТЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ГАРНИЗОН КӨЛІКТЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Жолдағы қауіпсіздік пен техниканың сақадай сай болуы – кез келген тапсырманы мінсіз орындаудың басты кепілі. Осы мақсатта Шымкент гарнизонында автокөліктердің...

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

30 ОТБАСЫ ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕР ИЕЛЕНДІ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Тұрғын үй кезегін жылдар бойы күткен 30 отбасы үшін бүгінгі күн жаңа өмірдің бастауы болды. Яғни, жалдамалы баспананың кілтін иеленді....

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

ҚАРТТАР ҮЙІНЕ ҚҰРМЕТ САПАРЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

“ Қарттарым – асыл қазынам” Жақындарынан алшақтап, өзге жандардан жылу көрген 70 қарттың жағдайы қалай? Оларға бүгінде қандай әлеуметтік көмек...

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Шымкентте тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін үш маңызды сала бір жиында талқыланды. Неліктен санитариялық қызмет кез келген кәсіпкерді тексере...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.