• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

КАТОНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ӨЗ ҚАРЖЫЛАРЫНА МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТЫП ЖАТЫР

26.03.2022
0

Шекаралық аймақта орналасқан Катонқарағай ауданында туып-өскен кәсіпкерлер кіндік кескен мекендеріндегі ауылдардың мектептерін жаңғыртып, заманауи үлгідегі кабинеттерді жасақтау жұмыстарын қолға алды. Ерекше атап өтерлігі, бұған мемлекеттің қатысы жоқ, қаражаттың барлығы кәсіпкерлердің өз қалтасынан.

Халық саны азайған, оқушылары сиреген ауылдар

Түсінікті болу үшін айта кетелік, 2019 жылы Катон­қа­рағай ауылында «Ка­тонқарағай ауданының бола­­ша­ғына саналы көзқарас» атты инвес­ти­циялық форум өтіп, осы шара кезінде Серік Толық­паев, Қайрат Ахметов, Ғани Шаймерденов бастаған катондық меценаттардың «Катонқарағай ауда­нының тұрақты дамуы» деген қоғамдық қор құрғаны туралы айтылған еді. Сол жиында қор мүшелері соңғы 18 жылда аудан хал­қы 48 пайызға азайып, 20 мыңның үстінде ғана қалғанын, егер қазір тиісті іс-шара­лар жеделдетіп қолға алынбаса, Катонқарағайдың 2609 тұрғыны бар 13 ауылы (Ақшарбақ, Құндызды, Қаражал, Бекалқа, Алыбай, Согорное, Ново­поляковка, Приморское, Солоновка, Бесүй, Бал­ғын, Мойылды, Жаңа-Хай­рузовка) 5, 6259 тұрғыны бар 15 ауылы (Ақсу, Сенное, Аққайнар, Топқайың, Берел, Жазоба, Өрнек, Жамбыл, Барлық, Жұлдыз, Белқарағай, Кіші Нарын, Солдатова, Үш­бұлақ, Көкбастау) 10, ал 14 339 тұрғыны бар 20 ауылы (Үл­кен Нарын, Катонқарағай, Өрел, Қайыңды, Ал­тынбел, Шыңғыстай, Көктерек, Коробиха, Аршаты, Қызылжұлдыз, Үштөбе, Жаңа-Үлгі, Свинчатка, Егінді, Ақмарал, Еңбек, Майемер, Қабырға, Шұбарағаш, Рахман қайнары) 10-15 жыл­дан кейін жабылуы мүмкін деген болжамдарын алға тартқан болатын. Әрине, ауыл десек әуелі мек­теп еске түседі. Қор алдағы 2-4 жыл көлемінде Ақмарал, Жұлдыз, Жаз­оба, Үштөбе, Балғын, Қайыңды, Қа­бырға, Қызылжұлдыз, Көктерек, Еңбек ауылдарындағы 323 оқушысы, 220 мұғалімі бар 12 мектеп, 5-6 жыл көлемінде Сенное, Барлық, Жаңа-Үлгі, Аршаты, Солдатова, Жамбыл, Новополяковка, Топқайың, Майемер, Берел, Белқарағай, Кіші-Нарын ауылдарындағы 956 оқушысы, 250 мұғалімі бар 13 мектеп, ал 7-15 жыл көлемінде Ақсу, Солоновка, Шың­ғыстай, Жаңа-Хайрузовка, Катон­қарағай, Өрел, Үлкен Нарын ауылдарындағы 2352 оқушысы, 300 мұғалімі бар 12 мектепке жабылу қаупі төніп тұрғанын да ескерткен еді. «Аудан халқының көшуін тоқта­тып, елдің еңсесін көтеру үшін Ка­тон­қарағайда туристік, аграрлық және білім кластерін бірдей дамыту керек. Қор алдағы 10 жыл көлемінде аудандағы ең үлкен үш елді мекен – Үлкен Нарын, Катонқарағай мен Өрелді өмір сапасы әлемдік деңгейге сәй­кес келетін ауылдар қатарына қо­суды жоспарлап отыр. Үш ауылда шағын әуежай, фин үлгі­сіндегі балабақша, ағыл­шын тілін тереңдетіп оқытатын жекеменшік мектептер, тәулік бойы жұмыс істейтін дәріханалар мен дәмханалар, жыл бойы тоқтаусыз қызмет көрсететін білім беру лагерь­лерін, заманауи құрылғы­лармен жаб­дықталған емханалар ашып, Арбат көшесі, балалар алаңдарын, «Ұрпақтар сабақтастығы» бағдарламасы аясында коттеджді квартал мен спорт кешенін салып, бизнес идея­ларға шағын гранттар берсек дейміз. Біз қорды құрмас бұ­рын ауданның озық және осал тұстарын әбден сараладық. Сарапшы­лармен кездестік. Қорды құру­дағы мақсат-мұратымыз – табыс табу, қайырымдылық көмек көрсе­ту емес, ауданды көтеру, тұрғын­дар­­дың жұмыс істеуіне мүмкіндік беру. Мұны осы қасиетті топырақта туып-өскен Катонның тумалары, біз қолға алмасақ, сырттан келіп ешкім істемейді» деген еді сол кезде қоғамдық қордың құрылтай­шыларының бірі, «Aitas KZ» АҚ бас директоры Серік Толықпаев.

Еуропалық үлгіде жабдықталған кабинеттер

Катонқарағайлық кәсіпкерлердің үш жыл көлемінде қолға алған жұмыстарының ішіндегі ең ауқымдысы – Үлкен Нарын, Катонқарағай мен Өрел ауылдарындағы мектептердің бірнеше кабинеттерін Назарбаев зияткерлік мектептері үлгісінде жабдықтауды бастауы. «Қор НЗМ-мен бірлесіп «Ауыл мектебі» жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты – қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының алшақтығын азайту. Қор үш ауылдағы мектептердің робот техникасы, информатика, математика және логика, инженерия, көркем еңбек, аспазшылық өнер кабинеттері мен кітапханаларын бастан-аяқ жабдықтап жатыр. Физика, химия, биология кабинеттерінің жанында оқушылардың ғылыммен шұғылдануына, практикалық жұмыстармен айналысуына мүмкіндік беретін зертханалар бар. Жабдықтардың кейбірі Еуропадан әкелінген. Өте сапалы. Бұл мектептерде жұмыс толық аяқталған жоқ. Оған уақыт керек. Жалпы, алты мектепті осылай жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Бір мектепке орта есеппен 200 миллион теңгедей қаражат қажет болса, 6 мектепке 1 миллиард, 200 миллион теңге керек. Мұның барлығы – кәсіпкерлердің өз қалтасынан шығып жатқан қаражат. Қазіргі жоспарымыз – жоғарыда аталған үш мектептегі жұмыстарды аяқтау» дейді «Қатонқарағай ауданының тұрақты дамуы» қоғамдық қорының директоры Серік Жүнісов.

Қоғамдық қор Катонқарағайға аттай қалап шақырған адамдардың бірі – белгілі этномузыкант Еділ Құсайынов. Қазір өнерпаз Катонқарағай ауылындағы Ластаев мектебі мен музыкалық мектепте, Үлкен Нарындағы музыкалық мектепте, Өрел ауылындағы мектепте сабақ беріп жүр. Сабаққа қажетті аспаптардың барлығын қор алып берген екен. «Катонқарағай негізі сыбызғының мекені ғой. Кезінде Шанақ Ауғанбаев деген сыбызғышы ағамыз болған. Алайда қазір ауданымызда сыбызғыны меңгерген жандар жоқтың қасы. Еділ аға төл өнерімізді қайта жаңғыртып, оқушыларға ғана емес, музыкалық мектептің мұғалімдеріне де білген-түйгенін үйретіп жатыр. Оқушыларымыз еуропалық үлгіде жабдықталған, барлық жарақтары сақадай сай сыныптарда өздеріне қажетті көп нәрсені үйренуде. Мәселен, қыздарымыз шоппер сөмкелерді өздері тіге алады. Қазір мектеп мұғалімдері ноутбуктерімізді соған салып жүрміз. «Ауыл балалары қаланың балаларынан кем болмасын, терезесі тең болсын» деп жанталасып жүрген қордағы азаматтарға айтар алғысымыз шексіз» дейді Катонқарағай ауылындағы С.Ластаев атындағы орта мектептің директоры Гүлтас Ернісова.

ТҮЙІН

Туған жеріміз өркен жайсын деп жүрген азаматтар білім саласына ғана емес, өңірдің туризм саласына да инвестиция құюда. Бір ғана мысал, қор бұған дейін туристерге қонақ үй салғысы келген жергілікті тұрғындарға 25 грант беріпті. Экологияны да естен шығармай, 2019 жылы Үлкен Нарын мен Ка­тонқарағай ауылдарын сан жыл қордаланған қоқыстан тазар­тып, 10 миллион тең­геге екі елді мекендегі қоқыс алаң­дарын рет­ке келтіріп, арнайы қоршау орнатыпты.

jarialike.kz

Previous Post

Антикор об общественных советах: состоят из бывших госслужащих, лояльных руководству региона

Next Post

ТҮРКІСТАН: БАРИАТРИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ ДАМУДА

Related Posts

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.