Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ: БІР КӨЗДЕН САТЫП АЛУ КӨЛЕМІі 50% ҚЫСҚАРАДЫ
    Бас ақпарат

    МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ: БІР КӨЗДЕН САТЫП АЛУ КӨЛЕМІі 50% ҚЫСҚАРАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.01.2022966 Views

    ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік сатып алу саласында бір көзден сатып алу көлемі 50% қысқаратынын мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

    «Жақында мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық түзетулер күшіне енді. Олар бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың 6 негіздемесін алып тастады. Бұл бір көзден сатып алудың барлық көлемінің шамамен 50%-ін құрайды.

    Бұдан басқа, тапсырыс берушінің сатып алудың бәсекелестік тәсілдерін басым жүзеге асыруы және бір көзден сатып алу бойынша тапсырыс берушінің бірінші басшысының дербес жауапкершілігі туралы норма көзделген», -деді министр Үкімет отырысында.

    Оның айтуынша, ашықтықты қамтамасыз етудің нәтижесінде тікелей шарттар жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу үлесі 2015 жылғы 92%-тен 2021 жылы 45%-ке дейін төмендеген.

    «Өз кезегінде, Қаржы министрлігі бір көзден сатып алуды қолданудың негізділігіне бақылауды қамтамасыз етеді», -деген ведомство басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жұмысына да осы тұрғыда өзгерістер енітінін айтты.

    «Осы жылдан бастап Қордың және барлық ұлттық компаниялардың сатып алулары «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу туралы» Заңмен реттеледі.

    Бүгінгі таңда Қордың директорлар кеңесі сатып алу шарттаын бекіту үшін Қаржы министрлігінің келісімін алу керек.

    Қордың және оның еншілес компанияларының сатып алуын жүзеге асырудың бүкіл процесін өзге ішкі құжаттарға сілтеме жасамай, бір құжат деңгейінде қаралатын болады», — деді Ерұлан Жамаубаев.

    Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында квазимемлекеттік сектордың сатып алуы саласында картельді келісімдер жасасу кеңінен тарап кеткенін ескертті.

    ҚазАқпарат.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.