Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды
    Айғақ MEDIA

    8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.11.2021309 Views

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығы туралы баяндады. Стационарлық және амбулаториялық ем алып жатқан науқастар саны айтарлықтай төмендеді. Инфекциялық төсектер 29%, реанимациялық төсектер 23% толы. Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл аймақта», Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстары «сары аймақта» тұр. Қалған өңірлер мен жалпы Қазақстан Республикасы «жасыл аймақта» орналасқан. Бүгінгі таңда 8,8 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек адамдардың 76,6%-ы, сондай-ақ 8 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 70,8%-ы екінші компонентін алды. Шет елдерде коронавирустың «Омикрон» жаңа штаммының пайда болуын ескере отырып, Үкімет басшысы мемлекеттік шекарада санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді, ел ішіндегі жағдайды үнемі бақылауда ұстауды, ғимараттар мен көліктерде бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау тәжірибесін одан әрі жалғастыруды тапсырды. Денсаулық сақтау, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне, әкімдіктерге халықтың ұжымдық иммунитетін қалыптастыру мақсатында вакциналау қарқынын арттыру тапсырылды.

    Дереккөз: primeminister.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.