Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ 86 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ АРТТЫ
    Айғақ TV

    «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ 86 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ АРТТЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.11.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы бойынша 2021 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 302 жобаны іске асыруға бюджеттен жалпы 16,1 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде өңірде қосымша 8 мектеп салынып, 10 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Бір дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, 4 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеумен қамтылуда. Сонымен бірге 2 спорт нысаны, 2 мәдениет нысаны, 15 табиғи газбен қамтамасыз ету және 13 электр қуатымен жабдықтау нысаны да жоспарға сай салынып жатыр. 300-ге жуық ішкі көшелерге орташа жөндеу жүргізілуде. Бұл жайлы бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында баяндалды, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асыру барысы тұрақты бақылауда. Өз сөзінде Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек жобаларды іске асыру барысында 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын атап өтті. Жыл соңына дейін 291 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланса, 25 нысан келер жылға өтпелі. Бүгінгі таңда 209 нысанның жұмыстары аяқталып, пайдалануға қабылданды. Оның ішінде 4 мектеп, 3 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден, 201 көше орташа жөндеуден өтті, және 1 электрмен жабдықтау нысанының құрылысы аяқталды.

    Қалған нысандар кестеге сәйкес жыл соңына дейін тапсырылады. Нәтижесінде жыл қорытындысымен 86 елді мекенге жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. 10 елді мекендегі мектеп және 4 елді мекендегі денсаулық сақтау ұйымдары күрделі жөндеуден өтіп, бір елді мекенде жаңадан 75 орындық дәрігерлік амбулатория, 1 елді мекенде спорт кешені және 2 елді мекенге мәдениет нысандары бой көтерді. 10 елді мекен табиғи газбен қамтылып, 9 елді мекенге жаңа электр жүйелері тартылады. 49 елді мекенде ұзындығы 390 шақырым 255 көше орташа жөндеуден өтеді.

    Өңір басшысы жауапты өкілдерге аталған нысандарды сапалы әрі уақтылы тапсыруды, ауылдың еңсесін тіктейтін жобаларға жауапкершілікпен қарауды жүктеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.