Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРҚЫНДЫ БАУ КӨЛЕМІ 3,9 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖЕТТІ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРҚЫНДЫ БАУ КӨЛЕМІ 3,9 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖЕТТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.11.2021791 Views

     Түркістан облысында 2021 жылы жаңадан 779,3 гектарға қарқынды бау отырғызылып, жалпы көлемі 3,9 мың гектарға жетті. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым көп. Былтыр 516,9 гектарға көшет отырғызылған болатын. Оның 355 гектарына 2,7 млрд. теңге субсидия қаржысы төленіп, мемлекеттік қолдау көрсетілген.Биыл жыл соңына дейін қарқынды алма баудан гектарына орташа 250 центнерден өнім алып, 45 мың тонна жеміс жинау жоспарланып, меже өткен жылмен салыстырғанда 15 мың тоннаға артып отыр. Түркістан облысы бойынша 108 кәсіпкер қарқынды бау өсірумен айналысады. Бұл ретте өңірде қарқынды бауларға ерекше көңіл бөлініп, мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатқанын айта кеткен жөн. Биыл «Тұқым шаруалығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша 16 агроқұрылымға 252,6 млн. теңге субсидия төленді. Сонымен қатар агроқұрылымдардың өтінімдеріне сәйкес қарқынды бауға қолданылатын минералды тыңайтқыштардың, пестицидтердің 50 пайызы субсидияланды. 685 гектарды құрайтын 13 инвестициялық жобаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген. Шаруаларға жұмыс барысындағы шығындардың 40% өтеуге бюджеттен 2,3 млрд. теңге субсидия қаржысы төленген.Түркістан облысы бойынша бүгінгі таңда жеміс салу жасындағы жеміс-жидек ағаштары 18,3 мың гектарға орналастырылған. Атап айтсақ, 15,8 мың гектар алма, 0,5 мың гектар алмұрт, 1,1 мың гектар өрік, 0,5 мың гектар шие, 0,5 мың гектар, шабдалы, 1,1 мың гектар қара өрік ағаштары бар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.