Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»100 есім»ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУҒА ҒАРЫШТЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ
    100 есім

    ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУҒА ҒАРЫШТЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.10.2021537 Views

    Қазақстандық ғарышкер, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Айдын Айымбетов Түркістанға келді. Ғарыш саласына жауапты басшымен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев кездесу өткізіп, маңызды мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Түркістан облысының экономикасын көтеруде ғарыштық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері сараланды.

    Қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов қазіргі таңда мемлекеттердің дамуында ғарыш саласының ықпалы зор екеніне тоқталып, ол мүмкіндікті тиімді пайдалануға болатынын жеткізді. Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев Түркістан өңірін дамыту бағытында ғылымның жетістігін негізге алу кезек күттірмес мәселе екенін айтты.

    Кездесу нәтижесінде «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ мен Түркістан облысы әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды. «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ мен Түркістан облысы әкімдігінің Ситуациялық орталығының бірлескен жобалары үшін арнайы ақпараттық топ құрылатын болды. Ол топқа төтенше жағдайлар, ауыл шаруашылығы салаларының өкілдері қосылады. Ғарыштық мониторинг арқылы өңірдегі жердің мақсатты пайдаланылып жатқаны немесе пайдаланылмағаны да екшелмек.

    Сонымен бірге Түркістан облысындағы бірқатар басқарма мен департамент мамандары ғарыштық мониторинг жасау және өңірге пайдалы нақты шешімдерді талдау және шығаруды меңгеру үшін арнайы білім алмақ. Оларды «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ның білікті мамандары оқытып, кеңес береді. «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ мен Түркістан облысы әкімдігі арасындағы әріптестікті нығайту, жоспарларды жүзеге асыру бойынша 2021 жылдың соңына дейін жол картасы әзірленеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.