Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕР АЛУҒА ДА ЖЕТПЕЙДІ — ДЕПУТАТ
    Әлеумет

    ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕР АЛУҒА ДА ЖЕТПЕЙДІ — ДЕПУТАТ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.10.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының депутаты  Ғани Ташқараев Премьер-министрдің орынбасары  Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады.

    Ол «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру» бағдарламасы туралы айтты.
    Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасында сұранысқа ие мамандық бойынша  жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін үй беру арқылы жас мамандарды қолдау көзделген.

    Сонымен қатар «Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы» Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 318 бұйрығына сәйкес өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама көрсетуді талап етеді. Егер бағдарламаның басында бұл сомма 101 000 теңге болса, 2021 жылдан бастап бұл 116 600 теңге болды.

    «Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша республикада 20-29 жастағы азаматтарымыздың саны 2 537 252-ге жетті. Қалада тұратын жастардың үлесі – 1 510 892. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді.

    Табысын бағалау бойынша салыстыратын болсақ, 2021 жылдың 1 тоқсанында Шымкентте – 76 982 теңге, Алматыда – 166 554 теңге, Нұр-Сұлтан қаласында 179 722 теңге болып отыр.
    Атап айтқанда, жалдамалы пәтерлерді алу конкурсына қатысу үшін тұрғын үйге мұқтаж жас мамандар үшін жалақы мөлшері тым жоғары екендігі айтылды. Жалға берілетін тұрғын үйді конкурс бойынша алу қиын.

    Жұмысшы  жастардың  айтуынша,  пәтер алу үшін айлық  көрсеткішті (40-тан 25 АЕК-ке дейін ) төмендету керек», – деді депутат.

    Оның айтуынша, жас мамандардың табысына қойылатын талаптың жоғарылығы орынсыз, баспана алу үшін табысқа қойылатын талапты қайта қарау керек.

    Аikyn.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.