Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.10.2021367 Views

     Түркістан облысында 597 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. Түлкібас, Сайрам, Бәйдібек аудандарында ауа-райына байланысты, жылыту маусымы 6 қазанда басталды, ал қалған аудан-қалаларда 15 қазан-1 қараша аралығында қосылады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Әбілхан Әбдіқадыров мәлімдеді.Сондай-ақ, облыс көлеміне жалпы көмір отынының қажеттілігі 966,6 мың тонна, тасымалданғаны 517 мың тонна (53%). Қалғаны жылыту маусымы басталғанға дейін тасымалданады.

    «Бюджеттік мекемелердің көмір отынына қажеттілігі 142,8 мың тонна, ол толық тасымалданған. Орталықтандырылған жылу беретін кәсіпорындардың көмірге қажеттілігі 99,3 мың тонна, тасымалданғаны 27,4 мың тонна (28%). Ал облыс тұрғындарының көмірге қажеттілігі 724,4 мың тонна болса, тасымалданғаны 347 мың тонна (48%). Тасымалдау жұмыстары жалғасуда», — деді Әбілхан Әскерұлы.

    Аудан-қала әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, облыс көлемінде 24 көмір тасымалдайтын орын бар. Тұрғындар үшін темір жол тұйығы бар елді-мекендерде 1 тонна Шұбаркөл отынның бағасы 14 500-18 500 теңге аралығында. Ал темір жол тұйығы жоқ елді-мекендерде 18 500 — 22 000 теңге арасында. Өткен жылы қатты отын бағасы 13 500 – 18 500 теңге аралығында болған.

    Жалпы жылу беру маусымына дайындық барысы штаттық режимде және облыс әкімінің қатаң бақылауында.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.