Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»КЕНТАУДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ТАБИҒИ ГАЗҒА АУЫСТЫРЫЛАДЫ
    Бас ақпарат

    КЕНТАУДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ТАБИҒИ ГАЗҒА АУЫСТЫРЫЛАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.09.2021459 Views
    Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерге газ кіргізуге бағытталған ауқымды жұмыстар басталмақ. Маңызды мәселе жан — жақты сарапталуда. Шаһарда ауыз су мәселесі де өте маңызды. Осы бағытта жүзеге асырылатын жұмыс барысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Кентау қаласына жұмыс сапарында баяндалды.
    Жалпы, қалада су тазарту станциясындағы су тазартқышқа небәрі 3000 — 6000 куб аралықта су жиналады. Тұтынушылар санының артуына байланысты бұрыңғы су жинағыш резервуардан бөлек, 10 000 кубқа дейін су жинайтын жаңа су жинағыш резервуарын салуды және «Ақ бұлақ» бағдарламасына енбей қалған жеке сектордағы үйлерді ауыз суға қосу үшін құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға әзірленуде. Жұмыстар жүзеге асқан кезде қала тұрғындары толыққанды жаңа су құбыры арқылы ауыз сумен қамтылатын болады.
    Сапар барысында өңір басшысы «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС күн электростанциясы құрылыс жұмыстарымен танысты. Шаһарда жүзеге асып жатқан тың жобаларға қатысты жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
    Сонымен бірге, Өмірзақ Естайұлы Кентаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Оның аясында аулаларға балалар ойын алаңшалары жаңартылып, спорт алаңдары салынып жатыр. Облыс әкімі сондай — ақ, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған «Жастар» саябағында болды. Шаһарды тұрғындар үшін жайлы қалаға айналдыруға бағытталған бастамаларға оң баға берді.
    Сондай-ақ, облыс әкімі «Кентау Трансформатор зауытында» болды. Зауыт басшылығы бір уақытта 6 адамның жұмысын атқара алатын жапондық Yaskawa Motoman дәнекерлеуші-робот жұмысымен таныстырды. Робот дәнекерлеу сапасын арттыруға және кәсіпорынның өнімділігін жоғарылатуға арналған.
    Кентау трансформатор зауыты – электр энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, мұнай-газ кешенін және тұрғын үй-коммуналдық секторын қоса алғанда, экономиканың барлық салалары үшін жеткізілетін, кең қолданысқа арналған трансформаторлық жабдықтарының жетекші қазақстандық өндірушісі. Зауыттың өнімі үлкен сұранысқа ие және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Кәсіпорын сапалы трансформаторларды ғана емес, энергия үнемдейтін трансформаторларды шығарады.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.