Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАНҒА ТҮРКІ ӘЛЕМІ ПАРЛАМЕНТТЕР ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАНҒА ТҮРКІ ӘЛЕМІ ПАРЛАМЕНТТЕР ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.09.2021691 Views

    Бүгін Түркістан қаласына Түркі әлемі Парламенттер қорының төрағасы Чалышкан Абдуллах бастаған бір топ делегация келді.

    Түркі әлемі мен туыстас қауымдастықтар арасындағы әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ортақ тарихымыздан тұратын достық пен бауырластық байланыстарды нығайту арқылы мәдени байлығымыздың танымал болуына ықпал ету мақсатында келген делегация өкілдері ағымдағы жылдың 23-25 қыркүйегі аралығында Түркістан облысында іс-сапарда болады.

    Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін ескере отырып, өңірдің туристік әлеуетімен таныстыру және Түркістанды Халықаралық туристік орталық ретінде танымал ету мақсатында Түркі әлемі Парламенттер қорының өкілдеріне облыс аумағында арнайы ақпараттық тур ұйымдастырылу жоспарлануда.

    Делегация өкілдері алдымен Отырар ауданындағы «Отырар» қалашығы, «Арыстанбаб кесенесі», «Сапар орталығы» сынды мәдени-тарихи орындарға барып,  Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи кесенесіне тәу етпек.

    Сонымен қатар, сапар барысында қаланың жаңа келбеті таныстырылып, «Керуен-Сарай» туристік кешені, «Ұлы дала Елі орталығы», «Визит орталығы», «Әкімшілік – іскерлік орталығы», «Алатау» медиа орталығы сияқты нысандарға экскурсиялар ұйымдастырылатын болады.

    Түркі әлемі Парламенттер қорының делегациясы 2021 жылғы 24 қыркүйек күні Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне түрлі түсті жарық беру шарасына Түркістан облысының басшылығымен бірге қатысады деп күтілуде.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.