Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКИЯДА ҚАЗАҚТАРДЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ ӨТТІ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКИЯДА ҚАЗАҚТАРДЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ ӨТТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.09.2021911 Views

    Түркияның Ыстамбұл қаласының Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі» тақырыбында Қазақтардың кіші құрылтайы өтті.

    Кіші Құрылтайды ҚР АҚДМ қолдауымен «Отандастар қоры» Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп  ұйымдастырды, — деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

    Қазақтардың кіші құрылтайының жұмысына Түркия мен Еуропа елдеріндегі қазақ қауымдарының, Қазақстанның мәдениет мекемелері мен жоғары оқу орындарының 100-ден астам өкілдері  қатысты.

    Шара жұмысының аясында шетелдегі қазақ диаспораларының өзекті мәселелері бойынша нәтижелі пікір алмасу болды.

    Кіші құрылтайдың бағдарламасы көптеген мәдени-ағарту іс-шараларын қамтыды.

    Стамбул қаласының Бағдылжар ауданында белгілі спортшы Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақтың ашылу салтанаты өтті. Кіші құрылтайға қатысушылар үшін қазақстандық музейлер мен жоғары оқу орындары «Алтын тамырлы Атажұрт» көрме, сондай-ақ Түркиядағы қазақ диаспорасының жастары үшін «Білім көрмесінің» тұсаукесері ұйымдастырылды.

    Айта кетейік, Түркияда өтіп жатқан кіші құрылтайға Шымкент қаласынан және Түркістан облысынан делегация қатысуда.

    Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан құралған делегациялық топ құрамында Елбасының курстасы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның құрметті металлургі, Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» Аманәлі Әбдіраманов, Түркістан облысының «Құрметті азаматы» Сексенбай Тұрысбеков пен Ордабасы ауданының «Құрметті азаматы» Махмұтбек Мұхамедов, Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының Шымкент қаласы және Түркістан облысы филиалдарының жетекшісі Дулат Әбіш және филиал жетекшісінің орынбасарлары Бегалы Мұхамедов пен Мұхит Көшеновтер бар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.