Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»БЕРЕЛ ЖӘДІГЕРЛЕРІ ҰЛЫБРИТАНИЯДА ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ
    Айғақ MEDIA

    БЕРЕЛ ЖӘДІГЕРЛЕРІ ҰЛЫБРИТАНИЯДА ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.09.2021231 Views

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Ұлыбританияның Кембридж университетінің Fitzwilliam музейінде «Ұлы дала алтыны» Халықаралық көрмесін ұйымдастыруда.

    Көрменің ашылу салтанаты 28 қыркүйекте  өтеді деп жоспарлануда, — деп хабарлайды «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

    Көрменің мақсаты халықаралық қауымдастықты Қазақстанның көп ғасырлық тарихы мен бай мәдениеті, республика ғалымдарының ғылыми ізденістерінің жаңа нәтижелерімен таныстыруға мүмкіндік беру.

    Осыған орай Қазақстан археологиясы жетістіктері «Gold of Kazakhstan» экспозициясында көрсетіледі, мұнда Берел қорғандарынан табылған сүйектен, киізден және матадан жасалған жылқы әбзелдері көрермендер назарына ұсынылады.

    -«Зерттеуші Зейнолла Самашев 1998 жылы қорғанның «патшалық оба» кезеңін зерттеу барысында №11 нысаннан алтынмен апталған 13 тұлпар мен сол заманның көсемі болған бекзада мен әйелдің сүйегін тапқаны белгілі. «Берел жылқылары» деген атаумен белгілі бұл жылқылар тарихымыздың жауһар жәдігерлерінің бірегейіне айналған. Сондай-ақ, ерекше құрылым мен жерлеу рәсімі №36-шы обада тіркелген болатын. Басқа жерде кездеспейтін бұлан тектес сүйектен жасалған жылқының әшекейі. Бұл әшекейдің құндылығы да алтынмен бірдей. Мұндай үлгілер Алтай өңірінің басқа жерлерінде кездеспейді»,-деді «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени  қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Алмас Сарбасов.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.