Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Өзбекстан Қазақстанның құрылыс саласындағы тәжірибесін үйренуді жоспарлап отыр
    Айғақ TV

    Өзбекстан Қазақстанның құрылыс саласындағы тәжірибесін үйренуді жоспарлап отыр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.09.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) мен Өзбекстанның Құрылыс министрлігі жанындағы Құрылыстағы техникалық нормалау орталығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

    Тараптар бірқатар бірлескен жобаларды көздейтін өзара тиімді ынтымақтастық жөнінде уағдаласты.

    Атап айтқанда, Қазақстан мен Өзбекстанның ғалымдары мен мамандарын тарта отырып, сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын негіздеу және орындау үшін бірлескен уақытша ғылыми ұжымдар құру жоспарлануда.

    Қазақстандық мамандардың Өзбекстанда табиғи вибродинамикалық сынақтар жүргізуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

    Сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, жер сілкінісіне төзімді ғимараттар мен құрылыстарды салу саласында ғылыми және ғылыми-әдістемелік конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, «дөңгелек үстелдер», кездесулер мен көрмелер өткізу, тәжірибе және ақпарат алмасу көзделген.

    Ынтымақтастық шеңберінде Өзбекстанда сейсмикалық оқшаулау технологияларын және ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық қорғаудың басқа да әдістерін енгізу және одан әрі дамыту болжанып отыр. Сондай-ақ, Өзбекстан Қазақстанның баға белгілеу, ақпараттық модельдеу және құрылыс саласындағы халықаралық нормаларды енгізу саласындағы тәжірибесіне сүйенеді.

    «ҚазҚСҒЗИ институтының сейсмикаға төзімді құрылыс, баға белгілеу және ақпараттық модельдеу саласында үлкен тәжірибесі бар. 2019 жылы институтқа ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылысы саласындағы базалық ұйым мәртебесі берілді. ҚазҚСҒЗИ базасында ТМД елдерінің құрылысында ақпараттық модельдеу технологиясы саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Біз ҚазҚСҒЗИ — дың құрылыстағы кәсіби тәжірибесі Өзбекстандағы әріптестеріміз тарапынан табысты қолданылып, жетілдірілетініне сенімдіміз», — дейді «ҚазҚСҒЗИ»АҚ Бас директоры Бегман Көлбаев.

    Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы «ҚазҚСҒЗИ» институтының мамандары Ташкент қаласындағы 9 қабатты үйдің бірегей вибродинамикалық сынағын өткізіп, кейін ол «Өзбекстандағы қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасына үлгілік жоба ретінде енгізілді.

    ҚР ИИДМ Баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.