Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»КЕНТАУ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛУДА
    Әлеумет

    КЕНТАУ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛУДА

    Айғақ медиаАйғақ медиа31.07.2021896 Views

    Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғындары баспанаға мұқтаж көпбалалы жалғыз басты аналарға үй салып беруді қолға алды. Тұрғындары ұйымшыл ауылда дәл қазіргі таңда екі отбасыға асарлатып үй салынып жатыр,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.Бүгінде бір отбасының шаңырағы дайын болса, екінші отбасының баспанасы күз айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. «Көп түкірсе – көл» демекші, игі іс ауылдың белсенді азаматтарының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда. Сондай белсенділердің бас қасында жүріп, түрлі қайырымды іске ұйытқы болып жүрген азамат – Бекзат Хабибов.

    «Ауыл белсенділері болып біз осы сәтке дейін мұқтаж отбасыларға түрлі көмек көрсетіп келеміз. Мен өз басым мұндай игі істі қолдаймын. Мұқтаждарға азды-көп көмек болсын деп бірін қажетті тұрмыстық техникамен қамтамасыз етсек, біріне сиыр алып бердік. Азық-түлік беруді де үнемі ұйымдастырамыз. Үйсіз жүрген отбасыларға үй салып берейік деген шешім қабылдап, оны көпшілік қолдап, бүгінгі таңда сол мақсат жүзеге асуда», – деді Б. Хабибов.

    Ауыл белсенділерінің айтуынша, мұндай қайырымды іске қол ұшын созушылардың саны артып келеді екен. Тұрғындар осы сәтке дейін, мұқтаж болған отбасыларға тұрмыстық техникалық бұйымдармен қамтамасыз етіп, түрлі қолдаулары мен көмектерін көрсетіп келген. Алдағы уақытта ауыл белсенділері баспанасыз қалған жандарға асарлатып үй салып беруді игі дәстүрге айналдырмақ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.