Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МҰҒАЛІМДЕРІ ОҚУШЫЛАРДЫ ЛИДЕРЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІ ҮЙРЕНУДЕ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МҰҒАЛІМДЕРІ ОҚУШЫЛАРДЫ ЛИДЕРЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІ ҮЙРЕНУДЕ

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.07.2021368 Views

    «Jas Leader Akademiiasy» бағдарламасы Түркістан қаласында бастау алды. Бағдарламаның мақсаты – қазақ мектептерінің 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдау және дамыту. Балаларға қарым-қатынас дағдылары үйретіледі – бұл көпшілік алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту,  — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Оқушыларға қарым-қатынас, сыни ойлау негіздерін, көпшілік алдында сөйлеу және келіссөз жүргізу дағдыларын тиімді пайдалану үйретіледі. Факультатив сабақтар, ай сайынғы кездесулер, шеберлік сыныптар, танымал тұлғалардың қатысуымен көшбасшылық тренингтер және үздік оқушылар марапатталатын жыл сайынғы конференциялар жоспарланған.

    «Болат Өтемұратов қоры мен Түркістан облысы әкімдігі арасында меморандум түзілген. Бұл жоба соның аясында жүзеге асып отыр. Ерекше жоба 5 жылға жалғасады. Яғни, қазір оқытылған 100 мұғалім бір жылдың көлемінде үйренген әдіс-тәсілдерін мектептерінде өтетін факультатив сабақтарында пайдаланып, өздерінің есептерін беретін болады. Жоба мамандары тренингке қатысқан мұғалімдердің мектептеріне барып, сынып жағдайында бағалау жұмыстарын жүргізеді. Ал, жыл соңында жиын өткізіліп, дәрес алған ұстаздардың үздіктерін марапаттап, жаттықтырушы атанады. Осылайша 5 жылда жаттықтырушылардың сандарын арттыруды көздеп отырмыз», – деді Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев.

    Бағдарлама аясында бір ай ішінде Түркістан мен Түркістан облысының және Шымкент қаласының 50 пилоттық мектебінен 100 мұғалім тренингке қатысады. Бағдарламаны бірінші болып 15 000-нан астам бала оқуды бастайды. Алдағы бес жылда Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстары қамтылмақ. Бағдарламаның жалпы бюджеті 5 млн. АҚШ долларын құрайды.

    «Бағдарламада ұстаз рөлі ерекше көрсетілген.  Біздің бағдарламада жаттықтырушы қатысушыларға басымдық бермейді, олармен бір деңгейде орналасады.  Ол «жоғары тұрған – төмен тұрған» позициядан емес, «теңге тең» позициясы бойынша әрекет етіп, оларға материал алуға, білім мен тәжірибе жинауға көмектеседі», – дейді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.