• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Ө.ШӨКЕЕВ АЙМАҚТАҒЫ ЖЕМ-ШӨП ТАПШЫЛЫҒЫН ШЕШУГЕ КІРІСТІ

01.07.2021
0

 Ауыл шаруашылығына бейім Түркістан облысының бірқатар аудандарында биыл шаруаларды қуаңшылық жағдайы әбігерге салып отыр. Яғни көктемгі ауа- райының қолайсыздығынан жайылымдарда шөп көп шықпай қалды. Апталап соққан ыстық жел жағдайды қиындата түскен. Салдарынан қазіргі таңда қуаңшылық орын алуда. Осыған байланысты Түркістан облысын мал азығымен қамтамасыз ету және астық ору науқаны бойынша Қазығұрт ауданында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен семинар кеңес өтті. Оған облыс көлеміндегі барлық аудан-қала әкімдері мен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары қатысты.

Ал жиында сөз алған Өмірзақ Шөкеев биылғы қуаңшылық кезеңінде Бәйдібек сынды аудандар өздеріне қажетті жем-шөп мөлшерін 90% жуық орындап отырса, керісінше кей аудандар 20% ғана жинап үлгергендігін жеткізді. Сондықтан осы мәселені талдай отырып шешу бағыты талқыланды. Бұл тұрғыда баяндама жасаған Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша өңірдің жалпы жем-шөп қажеттілігі 3 млн 900 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда сол меженің 40 пайызы жиналып үлгерген. Аталған мәселе Келес, Созақ, Сауран, Арыс, Мақтаарал, Созақ, Жетісай аудандарында байқалып отыр. Алайда аймақта Шардара секілді аудандардың өзіндік жем-шөппен қамту көлемі 6 есеге дейін жоғары. Сондықтан шөбі мол аудандар есебінен мәселені шешуге негіз бар деп санайды. Жиын барысында Өмірзақ Естайұлы шөп жинау межесін бүгінгі күнге небәрі 1% ғана орындаған Келес ауданының әкімі Ақмеңтай Есбаевқа тиісті жұмыстарды ұйымдастыру жөнінен нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен бірге, көрсеткіші төмен Сауран, Арыс, Отырар, Сарыағаш Мақтаарал, Созақ аудандарының әкімдері жем-шөп мәселесін шешу бағытындағы атқарып жатқан жұмыстарын баяндаса, облыс әкімі жұмысты тиімді ұйымдастырып уақытылы шешу қажеттігі жөнінен тапсырмалар берді.

Бұл бағытта аудан, қала әкімдіктері жем-шөп мәселесін шешуде Түркістан облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесе жұмыс жасайтын болды. Яғни салалық басқарма жайылымы тапшы аймақтарға орман қоры есебіндегі жерлерден мал жайылымына уақытша жер беру және орман шөбін оруға рұқсат беруді жүзеге асыратын болады. Осы орайда басқарма басшысы Қайрат Әбдуәлиев аудандармен жұмыс жасауға әзір екендіктерін білдірді. Айта кету керек, Бәйдібек ауданы бүгінге дейін өзіндік қажетті жем-шөп қорын 89 пайызға жинап үлгерген. Осылай деген облыс әкімі мәселені ушықтырмай уақытылы шешу қажеттігін тапсырды.

Бүгінгі таңда қуаңшылыққа байланысты және сұраныстың артуына сәйкес бір пресс жоңышқа бағасы — 1200 теңгеге дейін жеткен. Қорыта келгенде Өмірзақ Естайұлы мәселені шешуге аймақтардың толықтай мүмкіншіліктері бар екендігін жеткізді.

Айғақ-ақпарат

Previous Post

САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНДА ҰЛТТЫҚ АСПАП – ДОМБЫРА ҰЛЫҚТАЛДЫ

Next Post

ЕЛДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Баспанаға қол жеткізу – әр отбасының басты арманы, ал әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар үшін бұл мәселенің маңызы тіпті жоғары....

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.