• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: БІЗДЕ «ЗИЯТКЕРЛІК РЕСУРС» БАР

30.06.2021
0

Бизнес алпауыттарының қатысуымен елімізде алғаш рет Түркістан облысында  бастау алған «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасы жалғасын тапты, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.Түркістан облысының әкімдігі мен облыстық кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүзеге асырған ерекше форматтағы жоба отандық инвесторлардың көмегімен стартаперлерді, «Бастау Бизнес» түлектерін, ұтымды бизнес жобасы бар кіші кәсіпкерлерді менторлық, инвестициялық, инфрақұрылымдық қолдауға бағытталған.

Жаңа жобаның «Turkistan» телеарнасындағы тұсаукесері резонанс тудырып, ток-шоу бағдарламасының екінші маусымы көрерменге жол тартпақ.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен «Farab» кітапханасында өткен  телевизиялық жобаның түсірілімінде түркістандық кәсіпкерлер белгілі бизнес мэтрлерінің алдында өз бизнес — жобасын қорғап шықты. Тележоба модераторы — Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков.

«Бізде «зияткерлік ресурс» бар. Білімі мен ақыл-зерде, парасат дәрежесі бәсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар жетеді. Креативті жобаларды мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдауға болады. Шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға елемізде ерекше көңіл бөлінген. Бұл бағытқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысының ерекше назарында. Өз идеясын бар көңілі мен күш-жігерін жұмсап, жүзеге асырған жоба көрініп тұрады. «Жанып тұрған» жас бизнесмендерге үлкен жол ашатын жоба жалғасын табады», – деді тележоба түсіріліміне қатысқан Өмірзақ Шөкеев.Өңірлік кеңестің белді мүшелері ментор ретінде қолдау білдіріп, мол табыс табудың қыр-сырымен бөлісті. Олардың қатарында «Аlma Jabagly» ЖШС директоры Мақсат Абдукаримов, «Таңбатыр-112» ЖШС директоры Ғазиз Ерімбетов, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ төрағасы Хайрулла Қожабаев, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, «Сенім жүрек» мүгедектер қоғамы» ҚҰ төрағасының орынбасары Гүлбахира Тәжібаева, «Келешек-С» ЖШС басшысы  Салман Дукенбаев және «Қаратас Майнинг» ЖШС директорының орынбасары Әсет Кәрімов секілді бизнес алпауыттары бар.«Кәсіпкерлік Қырандары» телевизиялық ток-шоу бағдарламасына қатысып, жастарды жігерлендірген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кәсіпкерге қолдау көрсеткен инвесторларға алғысын айтты. Айта кетейік, жобаның бірінші маусымында инвестицияға қол жеткізген кәсіпкерлердің жобалары жүзеге асып, кәсіптері дамуда. Екінші маусымға қатысуға Палатаға 170-ке жуық өтінімдер келіп түсті. Оның ішінде жалпы құны 43 млн.теңгенің 8 жоба іріктелді.Қатал сараптаудан соң финалға шыққан жоба авторлары инвестиция үшін күресте өздерінің бірегей бизнес — идеяларын ортаға салды. Инвестиция және менторлар үшін күресте үміткерлер цифрлық аудио кітаптарды қазақ тілінде ұсынатын мобильдік қосымша, арболит блогын шығару, бал ара шаруашылығы (омарташылық), балалар ойын сауық орталығы, медиа саласында комплексті қызмет көрсететін мектеп ашу, эпоксидті шайыр (смола) өнім шығару цехы және құрылыс қолғабын өндіру секілді жобаларымен таныстырды. Нәтижесінде инвесторлар мен қатысушылар бірлескен жобаларды іске асыру бойынша келісімге келді.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА СУ МӘСЕЛЕСІ САУАТТЫ ШЕШІЛУДЕ

Next Post

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.