Түркістан облысындағы мал базарлары қалыпты режимде жұмыс жасайтын болды, — деп хабарлайды aigak.kz тілшісі. Тиісінше бүгін «Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы» Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №8 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Қаулы мәтінінде:
«Мал базарлар санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қалыпты режимде жұмыс жасайды, «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілер қызметін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 «Кәсіпкерлік объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу туралы» және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымындағы №27 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларына сәйкес атқарады» — делінген.