• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Тамыз 28, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

А. МАМИН ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫСТЫ ЫНТАЛАНДЫРУ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

22.06.2021
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасының орындалу барысы қаралды, — деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Ұлттық волонтерлік желісінің директоры Татьяна Миронюк баяндама жасады. Волонтерлік қазақстандықтардың азаматтық белсенділігінің маңызды формасына айналуда. Волонтер жылын өткізу нәтижесінде волонтерлік ұйымдар саны 3 есеге, белсенді еріктілер саны 4 есеге артты. Пандемия кезеңінде елімізде еріктілер 950 мыңнан астам азаматқа, оның ішінде гуманитарлық көмекті таратуда, мүмкіндігі шектеулі адамдармен, балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеуде және т. б. көмек көрсетті.

Өткен жылы құрылған волонтерлердің республикалық және 17 өңірлік фронт-офистерінің жұмысы жалғасуда. Осы жылдың І жартыжылдығында 113 мыңнан астам волонтердің қатысуымен 6 мыңға жуық іс-шара өткізілді. Волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы аясында 528 млн теңге сомасына 40-тан астам жобаны іске асыру көзделген. «TALAP» орталығының бағалауынша, 2020 жылы волонтерлердің Қазақстан экономикасына қосқан экономикалық үлесі 3,9 млрд теңгені құрады. Волонтерлік қызметтің ең көп үлесі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласына – 68%, абаттандыру және тазалық саласына – 12% тиесілі. «Біз еріктілер қозғалысының зор әлеуеті мен нақты пайдасын көрдік. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша биылғы жыл волонтерлік бастамалардың жалғасына айналды. Қоғамда өзара көмек пен қайырымдылық принциптерін одан әрі дамыту қажет», — деді А. Мамин.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп волонтерлік қызмет мәселелері бойынша заң жобасын сапалы пысықтауды қамтамасыз ету және оны биылғы 1 шілдеге дейін Үкіметке енгізу, сарапшылармен бірлесіп волонтерлік қызметті қолдау стандартын әзірлеу және волонтерлікті одан әрі дамытудың негізгі бағыттары бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлеу тапсырылды.

Премьер-Министр мемлекеттік органдарға құқықтық және психологиялық көмек көрсету, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, төтенше жағдайлардың салдарын жою және басқа да салаларда салалық волонтерлікке, оның ішінде цифрлық, онлайн-волонтерлік, эковолонтерлік үшін жағдай жасауды және жандандыруды тапсырды. Өңірлердің әкімдіктеріне еріктілер қозғалысын ынталандыру шараларын күшейту, тұрақты мониторинг жасау жүйесін жолға қою және осы жылдың 1 тамызына дейін 2023 жылға дейінгі Өңірлік жол карталарын қабылдау тапсырылды.

Үкімет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында волонтерлік ұйымдармен бірлесіп, Жалпыұлттық игі істер марафонын іске асыруға жұртшылықты кеңінен тарту қажеттігін атап өтті. Ақпарат министрлігіне мемлекеттік органдармен және Ұлттық волонтерлік желімен бірлесіп, үздік волонтерлік тәжірибелерді белсенді түрде насихаттау және барлық деңгейде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

Айғақ медиа
28.08.2026
0

Наурыздың қайта оралуы, қасиетті Тайқазанның Түркістанға қайтарылуы, Алаш арыстарының ақталуы… Қазақ руханиятындағы осы тарихи оқиғалардың бәрі Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен тығыз...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

СҮЙЕК КЕМІГІНЕ ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте алғаш рет гемопоэздік дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы жасалды. 7 тамызда орындалған күрделі операциядан кейін пациенттің жағдайы оң динамика көрсетіп...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте діни ахуалды тұрақты сақтау бағытындағы жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Қалада бүгінде 104 мешіт бар. Алғаш рет барлық мешіттің діни ахуалы...

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Мегополисте ескірген орындарды жаңарту жұмыстары қарқынды. Тұран ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Қазір дәл осындай 28 нысанда...

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.