Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР САНЫ АРТАДЫ
    Агро

    ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР САНЫ АРТАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.06.20211 045 Views

    Қалада азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары аясында 11-шағын ауданы, Елшібек батыр көшесі №116 мекенжайында «Әлеуметтік дүкен» ашылған болатын.
    ⠀
    Әлеуметтік дүкеннің өзге азық-түлік дүкендерден ерекшелігі — халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік өнімдерін төмен әрі белгіленген бағада сатуы.
    Мемлекет басшысының агроөнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Егістіктен дүкен сөресіне дейін» жобасы аясында қалада мұндай дүкендерді көптеп ашу жоспарланып отыр. Осы мақсатта қаладағы мал бордақылаумен айналысатын «Қасқасу-С» шаруақожалығына айналымға 200 млн. теңге қарыз қаражат беріліп, келісімшарт түзілген. Келісімшарт негізінде шаруақожалық жоспарға сәйкес қаламыздың халқы тығыз орналасқан аймақтарда шілде және тамыз айларында 2 әлеуметтік дүкен ашуды жоспарлап отыр. Онда көкөніс, ет өнімдері және өзге де азық-түлік сатылатын болады.Бұдан бөлек, шаруақожалық осы жылдың тамыз айында 4 жылжымалы ет өнімдерін сататын сауда тіркемелерін іске қосуды да жоспарлап отырған жайы бар. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков шілде айында ашылуы жоспарланып отырған 18 шағын ауданындағы «Әлеуметтік дүкенге» барып, ондағы жұмыс барысымен танысты.
    Айта кетейік, әлеуметтік дүкеннің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда дүкенге қажетті сөрелер, жабдықтарды орнықтыру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта «Әлеуметтік дүкендер» ашылған жағдайда тұрғындар сапалы әрі арзандатылған бағада азық-түлік өнімдерін сатып ала алатын болады.

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.