Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»АЛМАТЫДА ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    АЛМАТЫДА ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.06.2021769 Views

    ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Бақыт туралы жыр» атты мерейтойлық көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    Көрмеге Ә. Қастеев атындағы өнер музейі қорынан алынған 30-дан астам кескіндемелік, графикалық және мүсіндік туындылары қойылды. «Көрмеде Жамбыл бейнесін жазған қылқалам шеберлерінің туындылары, оның өмірінің кең танылған, соңғы он жылын көбірек қамтыған. Жамбылды өмірде өз көзімен көріп, бейнелеген суретшілердің бірі, Б.Чекалин, Ә. Қастеев, Р. Ардатов, Н. Ягодкин. Б. Чекалин үшін Жамбыл туындылары күнделікті өмірімен ұштасып жатты, кейіпкердің әрбір сәттерін көзден таса жібермей бейнелеуге тырысты. Б.Чекалиннің Жамбыл тақырыбындағы еңбектерін ұлы жыраудың өмір жолын баяндайтын кең көлемді монография десек те болады. Ә. Қастеев, Жамбыл бейнесіне бірнеше рет тоқталған, ақынға арнап «Халық ақыны Жамбылдың портреті» (1937), «Жамбыл достары арасында» (1971) атты туындыларын жарыққа шығарды. Ә. Қастеев Жамбылды қанша рет бейнелесе, сонша рет бірін-бірі қайталамайтын келбет жасады. Ол өткен еңбектерін қайталамау үшін ақының психологиялық ішкі жан дүниесінің алуан қырын аша білген»,-дейді көрме жетекшісі Лаура Әбілдаева. Р. Ардатовтың «Жамбыл әні» (1940), Ә. Ысмайыловтың «Достық әні» (1972) туындыларында Жамбылды көп тұлғалық композицияның ортаңғы бөлігіне орналастырған. Суретшілер осындай композициялық шешім арқылы, өздерінің туындыларындағы ақын образын елдің ойын, мұң-мұқтажын өз өлеңдерінде жырлайтын халықтың адамы деген ойды білдіреді. Кескіндемелік портрет жанрында А. Риттих, А. Черкасский, Г. Ысмайылова сынды суретшілердің жазған Жамбыл бейнесінен даналықтың, мейірім мен зерделіктің, табандылықтың нышандары байқалады.

    «Графикалық портрет жанрында, Н. Крутильниковтың 1957 жылы акварельмен жазған Жамбылдың жүзіндегі әрбір сызықтарға дейін анық және табиғи жеткізілген. Жамбыл ойлы, орнықты, жинақы, ашық жанары зерделі болып көрінеді. Ал, Н. Гаев, А. Закворяшиннің туындыларындағы ақынның қатқылдау ойлы жүзінен өткеннің өткір болмысын көрсеткендей.1983 жылы Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің қорына Украинаның Сумы қаласынан Н. Ягодкиннің 1939 және 1940 жылдары акварельмен жазылған екі портреті түсті. Туындыларда бояу түстері нәзік, әрбір ұсақ детальдарды ұқыптылықпен бейнелеген.Ұлы отан соғысы жылдарындағы Жамбылдың шығармашылығының шыңына айналған «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңін Т. Говорова өзінің сериялық линогравюраларында көрсетті» — дейді Лаура Әбілдаева. «Бақыт туралы жыр» көрмесінде әр түрлі ұлт пен тарихи кезеңдегі кескіндемешілердің, графиктердің және мүсіншілердің шығармалары «ХХ ғасырдың Гомері» Жамбыл Жабайұлының эпикалық бейнесін өз шығармаларында нақтылы түрде көрсетуге ұмтылған біріктірілген туындылары ұсынылған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.