• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

А. МАМИН МЕН ЕО ЕЛШІЛЕРІ «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ» ДАМЫТУДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

12.06.2021
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанның Еуропалық Одақпен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың 7-отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту, ҚР-ның төмен көміртекті экономикаға көшуі, сондай-ақ декарбонизация процесіндегі ынтымақтастық әлеуеті мәселелері қаралды. Жаңартылатын энергетиканы дамыту перспективалары туралы Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Буриан, Қазақстанда аккредиттелген Нидерланд елшісі Андре Карстенс, Германия елшісі Тило Йоханнес Клиннер, Орталық Азиядағы Германия экономикасы өкілдігінің басшысы Ховсеп Восканян, Орталық Азия аймағындағы «Eni» компаниясының басшысы Лучано Васкес, «Total Eren» бас директоры Тьерри Плезант баяндама жасады. Қабылданып жатқан шаралар туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баяндады.

Қазақстан экономикасын трансформациялау және энергия тиімділігін арттыру, ҚР-ның 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеу және т. б. мәселелер талқыланды.

«2020 жылғы желтоқсанда БҰҰ аясында ұйымдастырылған Климаттық амбициялар жөніндегі саммитте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсаты туралы жариялады. Біз энергия өндірісінің жалпы көлемінде жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру бойынша барынша күш-жігер жұмсаймыз. Мәселен, 2020 жылғы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 3%-ды құрады, 2022 жылы оны 6%-ға дейін екі есеге арттыру жоспарлануда. 2030 жылға қарай Қазақстанның энергетикасындағы жасыл энергияның үлесі 15%-ға дейін жеткізіледі», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы әзірленіп жатқан «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында қолжетімді және таза энергияны, тұрақты қалалар мен қоғамдастықтарды, жауапты тұтыну мен өндірісті қоса алғанда, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі шараларды іске асыру жоспарланып отырғанын жеткізді.  Қазақстанда тұрақты даму міндеттерін іске асыру мақсатында жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, ол ЭЫДҰ елдерінің қағидаттары мен стандарттарына сәйкес келеді және биылғы 1 шілдеде күшіне енеді.

Елімізде «жасыл экономиканы», оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамытуға, суды тиімді пайдалануға және басқа да табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға салынатын мемлекеттік және жеке инвестициялар арттырылуда. Премьер-Министр Еуропалық Одақ елшілерін Қазақстанның ЕО-мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу бойынша одан әрі ашық және белсенді диалогқа шақырды.

Previous Post

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕЛШІЛЕРІНЕН СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Next Post

2021 ЖЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ 20%-ҒА АРТАДЫ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.