Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ТҮРКІСТАНДА АҚЫСЫЗ ОТА ЖАСАУДА
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ТҮРКІСТАНДА АҚЫСЫЗ ОТА ЖАСАУДА

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.06.2021543 Views

    Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң клинико-диагностикалық орталығына Түркиядан білікті дəрігерлер келіп, медицина саласындағы озық тəжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Сондай-ақ, Түркістан облысы тұрғындарына бірнеше күрделі ақысыз оталар жасады. Бұның барлығы «Ана жұрттан ата жұртқа денсаулық көпірі» жобасы аясында бауырлас елге деген сый ретінде жүзеге асуда. Бұл жайында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мухиддин Шімшек мәлімдеді.Дəрігерлер 1-10 маусым аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ клиника-диагностикалық орталығына тіркелген туа біткен даму ақаулары бар балаларды кезексіз тексерістен өткізді. Түркиялық педиатр-дәрігерлер бүлдіршіндерді қабылдап, ата-аналарға кәсіби кеңестерін беріп, арнайы емдеу тәсілдерімен бөлісті. Сондай-ақ, церебралды сал ауруы, дауна синдромы, аутизм, тірек-қимыл жүйесі, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды дәрігерлік тексерістен өткізді. Жалпы саны 40-тан астам бала жоғары деңгейлі мамандардың қабылдауында болды. Сондай-ақ, отоларинголог-дәрігерлер құлақтың іріңді аурулары және мұрын ісіктері диагноздарымен 32 науқасқа күрделі оталар жасап, 3 науқасқа құлақ протездерін салған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.