Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТКЕ БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕР ТОБЫ КЕЛДІ
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТКЕ БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕР ТОБЫ КЕЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.06.2021887 Views

    Шымкент қаласындағы №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына еліміздің білікті дәрігерлер тобы келді. Жоғары дәрежелі нейрохирург, травмотолог, ортопед дәрігерлері аталмыш орталықта мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеруде. Нәтижесі бойынша мамандар алдағы уақытта мүгедектігі бар балаларға ауру түріне қарай ота жасап, емдік шараларын көрсетеді. Айтуларынша, отаны мүмкіндігінше жергілікті медициналық ұйымдардың базасында жасайтын болады. Дәрігерлер сондай-ақ орталық мамандарымен тәжірибе алмасып, кеңестерін берді, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында бүгінгі таңда стационарлық үлгіде 137 және жартылай стационарлық үлгіде 95 адамға қызмет көрсетілуде. Медициналық қызмет көрсетуден бөлек, жеке күтім және бақылауды қажет ететін 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға үй жағдайына жақын мүмкіндік жасалған. Емдік массаж, физиоемдеу, монтессори кабинеті мен түрлі дәрігерлік көмектер көрсетіледі. Күнделікті балалардың денсаулығы тексеріліп, емдік-сауықтыру шаралары жүргізіледі.

    -Қолымыздан келгенше балаларға медициналық көмектен бөлек, қоғамға бейімдеу жұмыстарын жүргіземіз. Мұғалім-дефектологтар, логопед маманы, еңбек пәні мұғалімі балалардың ауруын ескере оқу-тәрбие сабақтарын жүргізеді. Олардың танымдық қабілетін дамытып, тіл кемістіктерін қалпына келтіруге күш саламыз -дейді, орталықтың директоры Камилла Ауанасова.

    Айта кетейік ауыр науқас балаларға көмек көрсетуге бағытталған «Балаларға өмір сыйла» жобасы аясында ақ халатты дәрігерлердің Шымкентке жұмыс сапарына «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоры ұйытқы болып отыр. Игі шара басқа өңірлерде де жалғасын таппақ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.