Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ ЖАМБЫ АТУДАН ӨТКЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ ЖАМБЫ АТУДАН ӨТКЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.05.2021690 Views

     Алматы облысындағы Талғар ауданында ұлттық ат спорты түрлері теңге ілуден және жамбы атудан кезекті Қазақстан чемпионаты аяқталды. Республикалық жарыста Түркістан облысының спортшылары командалық есепте бас жүлдені қанжығаларына байлап қайтты.

    Еліміз бойынша ең таңдаулы деген балуандар қатысқан бұл Қазақстан чемпионатына түркістандық Айкөз Ералхан жамбы атудан жоғары дайындықпен барған. Талай жарыстарда ұлттық спортымыздан топ жарып келе жатқан талантты жерлесіміз биылғы жамбы атудан өткен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді. Ал, теңге ілуден елімізге танымал спортшы Ғалымжан Ізжанов та жеңіс тұғырын бағындырды.

     Айта кетерлігі, биыл жоғары деңгейде ұйымдастырылған жамбы атудан өткен Қазақстан чемпионатына 16 облыстан бетке ұстар саңлақтар қатысып, күш сынасты. Күміс жүлдегер атанған жерлесіміз Айтбек Сарыбай жамбы атудан өзінің мықтылығын көрсетті.

     Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін арнайы марапаттаған жиынға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, еліміздің ұлттық спорт жанашыры, елімізде ұлттық спорт түрлері Қауымдастығын басқаратын Бекболат Тілеухан арнайы қатысты. Қазір ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде өркендетуде қазақстандық бапкерлердің атқарып жатқан қажырлы еңбектері бар. Бұған дәлел, биыл 14-рет жалауы желбіреген теңге ілу мен жамбы атудан Қазақстан чемпионаты болып тұр. Тартысты жарыста түркістандықтар командалық есепте бас жүлдені жеңіп алып, туған елге олжалы оралды.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.