Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«ТҮРКІСТАН» КЕМЕСІ ТЕҢІЗГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ
    Айғақ MEDIA

    «ТҮРКІСТАН» КЕМЕСІ ТЕҢІЗГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.05.2021684 Views
    Орал қаласында күллі түркі әлемінің рухани астанасының құрметіне аталған жаңа «Түркістан» кемесі салтанатты түрде теңізге жол тартты. «Зенит» Орал зауыты АҚ құрастырған шағын қарауыл кемесіне «Түркістан» атауы берілді.
    ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа кеме аумақтық суларды, мемлекеттік шекараны және континенттік қайраңды қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Қазақстан қалаларының символикалық атаулары бар кемелер көптеген жылдар бойы Теңіз шептерін қорғауды тиімді қамтамасыз етіп келеді. Бұл қатарда «Нұр-Сұлтан» мен «Қарағанды» кемелері де бар.
    Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Н. Есқалиев, күш ведомстволарының басшылығы, «Зенит» зауытының ұжымы, кеменің жеке құрамы, сондай-ақ Орал қаласының тұрғындары қатысты.
    «Кемені қалай атасаң, солай жүзеді. Бүгінде Түркістан қаласы қарқынды дамып келеді және таяу болашақта әлемдік туризмнің орталығына айналмақ. Шекарашыларымыз жаңа кемемен әскери қызметтің жоғары нәтижелеріне қол жеткізеді деп сенеміз. «Түркістан» атты кеменің теңіз шекарашыларының қатары еліміздің теңіз шептерін күзетуді армандайтын Түркістан облысының жас әрі мықты жігіттерімен толығады деп үміттенеміз!»,- деді өз сөзінде ҰҚК ШҚ шекара күзеті департаменті бастығының орынбасары бірінші дәрежелі капитан С. Хайдаров.
    Аталған рәсім Әскери-теңіз шекара Туын және «Түркістан» кораблінің командиріне тақтайшаны тапсырумен, шеруге қатысушы корабльдер мен катерлер теңізге шығуымен жалғасты. Қуанышқа ортақтасқан Орал қаласының тұрғындары, зауыт жұмысшылары мен кеме экипажы оркестрмен бірге кемеге сәт-сапар тілеп шығарып салды.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.