МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ
Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...
1 Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының биік нүктелердің бірінде орналасқан тарихқа толы орын, «Цитадель» қалашығы ашылды, деп хабарлайды Айғақ-ақпарат. Мерекелік шара Шымкент қаласындағы «Тәуелсіздік саябағына» ағаш көшеттерін отырғызудан басталды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов этномәдени бірлестік төрағаларымен қаланың жасылдануына атсалысып, өз естеліктерін қалдырды.
Қазақстан халықтарының бірлігі күнінде Шымкент қаласындағы тарихи орын «Цитадель» қалашығы ресми түрде ашылды. Қала әкімі мен зиялы қауым өкілдері қалашықтың ашылу салтанатына қатысып, Шымкент қаласының тұрғындарын бірлік мерекесімен құттықтады.
«Цитадель» қалашығында қорғанды бойлай қолөнершілердің туындылары мен шеберлік орындары орналасып, нағыз демалыс орны пайда болған. Қорғанның ішінде көненің көзіне қызығатын барша жандар үшін ашық аспан астындағы музей орналасқан. Тарихи қалашық болашақта туристер мен қала тұрғындарының қызықты орындарының біріне айналатын болады. Аталған нысанда археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Нәтиже де жоқ емес. Жерасты қаласында археологтар көптеген тарихи жәдігерлер тапқан.
Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі 1996 жылдан бастап атап өтіледі. Достық пен өзара түсіністіктің нышаны болған бұл мейрам — Қазақстан қоғамындағы біріктіруші факторлардың бірі. Ал Қазақстан — мәдениеттерінің, тілдері мен дәстүрлерінің әралуандығы басты байлығына айналған, ал азаматтары жасампаздық пен даму идеясы айналасында біріккен ел. Сол тұрғыдан алғанда 1 мамыр мерекесі елімізде ұлттар мен ұлыстардың достығы мен татулығының, азаматтық келісімнің, ауызбірлігінің жарқын көрінісін паш етеді. Қазақстан халқының бірлігі күнін жаңа тұрпатта тойлау қажеттігін, оны еліміздің басты мейрамына айналдыру идеясын Елбасы Н. Назарбаев 2011 жылы көтерген болатын.Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...
Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...
Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...
Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...
Қазіргі таңда отандық өндірісті өркендету — мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Өйткені қуатты өндіріс — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл бағытта үшінші...
Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.