Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»МАҚТААРАЛДА 50 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
    Агро

    МАҚТААРАЛДА 50 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.05.2021768 Views

    1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Мақтаарал ауданында аз қамтылған көпбалалы 50 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    . Аудан әкімі Бақыт Асанов «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында сатып алынған жаңа үйлердің кілттерін тұрғындарға ресми түрде табыстады.«Бұған дейін Мырзакент кентіндегі жаңадан бой көтерген мөлтек ауданнан кезекте тұрған 16 отбасыға үй берілген еді. Міне, бүгін аз қамтылған көпбалалы отбасылардың қуанышына ортақтасып отырмыз. Біз алдағы уақытта Мырзакент кентінен көпқабатты тұрғын үйлерді салуға кірісеміз. Осылайша, үй кезегінде тұрған мақтааралдықтардың мәселесін жыл сайын шешіп отыратын боламыз. Ендеше, жаңа баспаналарыңызда тек қана қуаныш, тойлар болсын!» — деді Бақыт Насырханұлы.

    Аталған жаңа үйлер А.Қалыбеков ауылдық округі Төрткүл ауылында, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ырысты ауылында, Еңбекші ауылдық округі Шұғыла ауылында және Бірлік ауылдық округіне қарасты Қ.Пернебаев ауылдарында орналасқан.

    Жаңа үйлердің әрбірінде кіреберіс дәліз, 3 жатын бөлмесі, 1 асхана және жуынатын бөлме (санузель) бар. Үйлер толықтай жылу жүйесімен, салқын және жылы сумен қамтылған.

    Айта кетейік, алдағы уақытта Мырзакент кентін ұлғайтуға арналған жаңа мөлтек ауданнан 5 қабатты 14 тұрғын үй, яғни 740 пәтер салыну жоспарлануда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.