Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Арыс»АРЫСТА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ
    Арыс

    АРЫСТА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.04.2021549 Views
    Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен кездесті. Басқосуда атқарылған жұмыстардың есебін тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
    Жалпы Арыс қаласы бойынша 2020 жылы 181 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталса, 2021 жылы бұл дертпен ауырғандардың саны қазіргі таңда 23-ке жетіп отыр. Қала мен оның аумағында карантин режимінің сақталуын қадағалайтын 8 мобильді топ құрылған. Биылдың өзінде жыл басынан карантин режимін бұзған 115 азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес хаттама толтырылған.
    Жиында қала әкімі аталған дертпен ауырғандар санының артуына байланысты жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды. Атап айтқанда, Арыс қаласындағы мониторингтік топтардың жұмысын жүйелі түрде жүргізіп, жандандыру керектігі туралы нақты тапсырма берді. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, дауыс зорайтқыш арқылы қала тұрғындары көп шоғырланатын орындарда коронавирустың алдын алу шараларын хабарлау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
    Гүлжан Мамытқызы өз сөзінде індет жұқтырғандардың барынша нақты есебін алу — вируспен күрестің басты талабы екенін айтты. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарын індеттің алдын алу шараларына толық дайын болуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Індетпен күресу үшін шұғыл күш жұмылдыруға және құралдармен жабдықтауға дайын болуы қажеттігін жүктеді. Коронавирус індетімен қатты ауырған науқастарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жетіспеушілігінің алдын алу, шаралар қабылдау үшін ұсыныс енгізуді тапсырды.
    Қала әкімі қоғамдық орындардағы санитарлық жағдай және азаматтар көп шоғырланатын жерлердегі әлеуметтік қашықтықтың сақталуына кәсіпкерлермен қатар ішкі істер саласының қызметкерлерінің жауапты екенін ескертті. Сөз соңында пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.