Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ДАУЛАРДЫ ҚАРАУ КЕЗІНДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ БЕЛГІЛЕНДІ
    Бас ақпарат

    ДАУЛАРДЫ ҚАРАУ КЕЗІНДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ БЕЛГІЛЕНДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.04.2021329 Views
    Әкімшілік рәсімдік – процестік кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Құқықтық жүйеге арналған жаңа құжат туралы Түркістан облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Негина Қылышпаева түсіндірді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
    Маманның мәлімдеуінше, құжат әкімшілік рәсімдерге, оның ішінде мемлекеттік органдардың ведомствоішілік қызметін ұйымдастыруға, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласындағы дауларды шешу бойынша әкімшілік сот ісін жүргізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу үшін қажет.
    Кодекстің негізгі мақсаттары – азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне нақты қатысуға мүмкіндік беретін жиынтығын бекіту, әкімшілік органның жоғары тұрған органында және сотта дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеу.
    «Қазіргі уақытта жария-құқықтық дауларда азаматтар тең емес жағдайда. Олардың мүмкіндіктері мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейді»,- деп атап өтті Мемлекет басшысы халыққа жолдауында. Маман осылайша Президент өз сөзінде әкімшілік Әділет енгізу қажеттігін айтқанын алға тартты. Және осы міндеттерді шешу үшін Әділет министрлігі мен ҚР Жоғарғы Соты АПБК жобасын әзірледі.
    «Кодекс азаматтардың басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын бекітеді. Ол сондай — ақ дауларды жоғары тұрған органдар мен сот органдары қараған кезде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілейді», — деді Н.Қылышпаева.
    Айтуынша, «Әкімшілік орган» және «Әкімшілік акт» халықаралық стандарттың әкімшілік рәсімін белгілеуде шешуші рөл атқаратын болады. Кодекс халықаралық стандарттарға сәйкес әкімшілік әділетті енгізеді. Оған сәйкес, әкімшілік рәсім – мемлекеттік органның, лауазымды тұлғаның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешім қабылдау және орындау жөніндегі қызметі. Қызмет өтініш негізінде немесе өз бастамасы бойынша, сондай-ақ жеңілдетілген әкімшілік рәсім ретінде жүзеге асырылады.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.