Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында орналасқан «Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауарларды алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталған, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Ресейден Тәжікстанға бағытталған автокөліктен Түркістан облысы МКД және ҚР ҰҚК қызметкерлерімен бірлесе жүргізген бақылау, тексеру жұмыстары кезінде декларацияланбаған офистік техника тауар бары анықталған.
Нәтижесінде жалпы құны 5 млн теңгеге жуық компьютердің жинақтаушы бөліктері бар тауарлар тәркіленді. Аталған деректер бойынша тиісті шаралар қолданылады.