Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ІІМ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНДА ПОЛИЦИЯ БАСШЫЛАРЫН ДАЯРЛАУ ФАКУЛЬТЕТІ АШЫЛДЫ
    Бас ақпарат

    ІІМ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНДА ПОЛИЦИЯ БАСШЫЛАРЫН ДАЯРЛАУ ФАКУЛЬТЕТІ АШЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.04.2021231 Views

    ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясында онлайн режимде ішкі істер органдарының басшы құрамын даярлау факультетінің ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    Факультет тыңдаушыларын алғашқы қабылдау алдында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құттықтау сөз сөйледі.

    – ІІМ Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Ол, ең алдымен, полицияның ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың сенім деңгейін арттыруға және олардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған. Осыған байланысты кадр жұмысына және тәртіп сақшыларының біліктілігін арттыруға үлкен мән беріледі, – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

    Полиция ведомствосының басшысы жаңа факультеттің ашылуының алдында үлкен талдау жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

    – Ішкі істер министрліктерінің басшы құрамын даярлау бойынша арнайы оқу орындарының әлемдік практикасы зерделенді. Ұлыбритания, Германия, Жапония және Ресейдің озық тәжірибесі негізге алынды. Аталған елдерде басшылық құрам басқарушылық, техникалық және коммуникативтік дағдыларды, көшбасшылық қабілеттерді дамыту бойынша жүйелі түрде оқытылады, – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

    Оқу бағдарламасы үш айға есептелген. Факультет тыңдаушылары ауқымды бағыттар бойынша (геосаясат, жобалық басқару, қызметкерлермен жұмыс, психологиялық дайындық, IT-сауаттылық, қаржылық сауаттылық) 12 модульді оқиды.

    Курсты жақсы аяқтау мансаптық өсу, ІІМ орталық аппараты департаменттерінің басшылары мен аумақтық бөліністердің бірінші басшылары лауазымдарына қызметке тағайындау кезінде өз септігін тигізетін болады.

    – Күн сайын дамып, өзгеріп жатқан әлемде полиция бұрынғы қалпында қалып қоймауы керек. Ішкі істер органдарының қызметкерлері үнемі ізденісте болып, жан-жақты дамуы қажет. Сондықтан да бірінші басшылар жеке құрам үшін әрдайым үлгі болады, – деп атап өтті ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.