Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түріктер түсірген Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикая Қазақстанда көрсетіледі
    Айғақ MEDIA

    Түріктер түсірген Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикая Қазақстанда көрсетіледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.04.20211 045 Views

    Түркияда түсірілген Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикая жақын аралықта Қазақстанда көрсетіледі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Түркияға жұмыс сапарының нәтижесінде осындай уағдаластыққа қол жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Айта кетерлігі, Қожа Ахмет Ясауи өмірі туралы телесериал премьерасы Қазақстан мен Түркияда бір мезгілде өтеді деп жоспарланған. Түркия тарапы түсірген бұл телехикая «Мавера» деп аталады. Мавера – (араб тілінде «көрінетін әлемнің көрінбейтін арғы жағы» деген мағынаны білдіреді) көне Османлы тілінде қолданылған сөз. Қазақша «тылсым әлем», «қарсы жақ», «басқа дүние» деп аударуға болады. Режиссер Йүджел Хүдавердінің бұл фильмі тартымды әрі қызықты оқиғаларға толы. Ясауи туралы телехикаяны түріктер жаңа форматта түсірген. Онда Қожа Ахмет өмірінің көпшілік біле бермейтін қырлары, жалпақ жұртқа беймәлім кезеңі көбірек суреттеледі. Сондықтан да бұл телехикая Қазақстан көрермендері үшін де қызықты болары хақ. Телехикаяда Ясауидің Арыстанбаптан алған құрма дәнегінің құрма ағашына айналу оқиғасы, дәруіштер хикаясы, тарихтағы алғашқы Алып-ерендер оқиғасы тартысты беріледі. Тоқтала кететін жайт, министр Аида Балаева сапар аясында түркиялық ТРТ телерадиокомпаниясының басқарма төрағасы Ибрахим Еренмен кездескен болатын. Осы кездесуде Қазақстан мен Түркияның телевизия саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, бірлескен жобаларды жүзеге асыру сөз болды. Атап айтқанда, тараптар түркі жұртына ортақ тарихи тұлға – Қорқыт ата туралы бірлескен сериал түсіруге уағдаласты.

    Бұдан бөлек, Қазақстан мен Түркия телерадиокомпаниялары балаларға арналған анимациялық және танымдық фильмдерді жасау туралы жоспарды да талқылады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.