Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»PDF»Қазақстанда электр энергиясы 1 сәуірден бастап қымбаттайды
    PDF

    Қазақстанда электр энергиясы 1 сәуірден бастап қымбаттайды

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.03.20211 243 Views

    Қазақстанда 1 сәуірден бастап жылу электр станцияларының шекті тарифтері орта есеппен 15 пайызға артады. Бұл туралы энергетика вице-министрі Қайрат Рахымов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    ОКҚ брифингінде Рахымов 2020 жылдың қыркүйегінде 45 энергия өндіруші ұйымның 37-сі электр энергиясын өндірудің шекті тарифтерін қайта қарауға өтінім бергенін айтты.

    Оның мәліметінше, Қазақстанның энергетика көздерінің басым бөлігі өткен ғасырдың 60-70-іші жылдары пайдалануға берілген. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстандағы энергетикалық активтердің 53 пайызы тозған. Тиісінше, өндіру секторындағы негізгі шығындар жөндеу жұмыстарына кетеді. Рахымовтың айтуынша, станциялардың көбінің кірісі нақты шығыннан төмен.

    «Электр станцияларындағы шекті тарифтерді уақтылы түзету оларды жаңғырту жұмыстарын сапалы жүзеге асыруға, сондай-ақ 2021-2022 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінен сәтті өту және авариялық жағдайларды азайту үшін уақтылы және толық көлемде жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді», — деді вице-министр.

    Оның айтуынша, тарифтердің өсуі көмірдің қымбаттауымен де байланысты. 2020 жылы Қаражыра көмірінің құны 8,6 пайызға, Богатырь көмірінікі 9,9 пайызға өскен. Ал оны тасымалдау шығыны 7 пайызға артқан.

    Сондай-ақ, вице-министр энергия өндіруші компаниялар қызметкерлерінің жалақысын көтеру қажет екенін мәлімдеді.

    2016 жылы Қазақстанның негізгі электр станцияларында өндірістік персоналдан 26 мыңнан аса адам жұмыс істесе, 2020 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемінің 15 пайызға ұлғаюына қарамастан, олардың саны 23 мың адамнан аспайды.

    «Жақын арада энергия өндіруші ұйымдарды басқару жүйесіндегі басты басымдық — білікті персонал және осындай біліктілікті жоғары деңгейде ұстап тұру болады. Ол үшін тиісті бағдарламаларды әзірлеу бойынша шаралар қабылдау және еңбекақыны жоспарлы түрде ұлғайту талап етіледі», — деп толықтырды вице-министр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.