Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан облысында су қоймалары бойынша ахуал тұрақты
    Айғақ TV

    Түркістан облысында су қоймалары бойынша ахуал тұрақты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.03.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазіргі таңда облыс аумағында су тасқыны жағдайы бір қалыпты, тұрақты бақылауда.
    Су қоймалары мен өзендердің су өткізу денгейіне күнделікті мониторинг жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов мәлім етті. 2020 жылғы 30 қазанда облыс аумағында 2020-2021 жылғы күзгі-көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу, тасқын суларды апатсыз және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету іс-шаралар жоспары бекітілген.
    Көктемгі болуы мүмкін су тасқынының алдын алу мақсатында облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы екі мәрте өткізіліп нақты тапсырмалар берілген.
    Сонымен қатар, облыс аумағындағы су қоймалары мен гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайы мен су режимі тұрақты түрде бақылауға алынған. Ал Сырдария өзені аумағында орналасқан аудан әкімдіктеріне қорғаныс дамбаларына қайта зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қажет болған жағдайда қайта
    алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілген.
    «Су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған іс-шаралар кешені» атты жол картасына 93 іс-шара енгізіліп, 90 шара толық жүзеге асырылған. Облыс аумағында су тасқыны жағдайы Сырдария өзенімен тікелей байланысты болғандықтан қатаң бақылауға алынған. Тасқын суларды қабылдауға жеткілікті қорлары бар, ал өзендердегі судың өтуі орта деңгейден төмен.
    Бүгінгі таңда Сырдария өзенінің арнасында судың ағысы қалыпты, өзенінен бастау алатын каналдардың (Маяқұм, Есіркеп, Сумағар) бас тоспалары бекітілген және жағалаудағы елді мекендерге қауіп жоқ.
    Ал, таудағы жиналған қар қоры нормадан төмен, аумақтың жазық жерлерінде қар жоқ. Аэровизуалды және жер үсті зерделеу жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізіліп келеді. Облыс аумағында жалпы саны 40 су қойма орналасқан.

    Айғақ-ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.