Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»100 есім»Президент ұсынған 30 кітап
    100 есім

    Президент ұсынған 30 кітап

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.02.2021Updated:24.02.2021Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекет басшысы ұсынған 30 кітап аясында Шымкентте жас берендердің байқауы ұйымдастырылды. Айта кетейік, аталмыш бәйге өткен ғасырдың 1998 жылынан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мұндағы мақсат көрнекті ойды көрерменнің көз алдына кестелеп көрсететін көркемсөз оқу шеберлері арасынан кіл мықтыны анықтау. Әрі жастар арасында әлем және қазақ қаламгерлерінің әдебиеттегі шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттап, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.


    Әдебиет алыптарының артында қалдырған асыл мұрасы шырқалар аламан додаға 35 үміткерден өтініш келіп түскен. Ал екінші кезеңге тек 13 қатысушы қатысуға мүмкіндік алған. Жас берендер байқауына 16-25 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Олар драмалық, прозалық және поэзиялық шығармадан үзінді оқып сынға түсті. Сондай-ақ, жастар арасынан талант иесін жазбай танып, қазылық етер қазылар алқасы да зейін қойып зерделей тыңдады.


    Мегаполистің жасампаз жастары көркемсөз жанры бәйгесіне жанын салып, қара сөздің құдіретін көрерменге жеткізуге тырысты. Түпсіз ой мен буынсыз тілге еркіндік беріліп, киелі сахнада әдебиет алыптарының шығармаларынан сыр шертілді.

     Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған 30 кітап қатарында Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерінен бастап, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» шығармасы бар. Сонымен қатар, Оралхан Бөкейдің орамды ойлары мен Мұқағали Мақатаевтың сезім себезгілеген шығармалары арқау болды. Байқау нәтижесінде аламан додадан оза шапқан жүйріктер арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Айғақ-ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.