Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Өмірзақ Шөкеев жаңа театрдың шығармашылық құрамымен кездесті
    Айғақ MEDIA

    Өмірзақ Шөкеев жаңа театрдың шығармашылық құрамымен кездесті

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.01.20212 907 Views

    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңадан салынған Түркістан қалалық сазды-драма театрының шығармашылық құрамымен кездесті. Түркістан қаласында бой көтерген жаңа театрда Азамат Сатыбалды, Хамит Шаңғалиев, Данияр Базарқұлов, Әсем Шарифуллина, Әйгерім Бозщина сынды елімізге белгілі өнер жұлдыздары еңбек етеді.

    Театрдың актерлік құрамы әлі толығады. 1 ақпаннан бастап кастинг жарияланып, жаңа театрдың әртістік құрамы жасақталмақ. Түркістан қалалық сазды-драма театры сахна саңлақтарының басын қосқан қара шаңыраққа айналмақ. Театрдың шығармашылық ұжымы жаңа өнер ордасының техникалық мүмкіндігін пайдаланып, көрерменге теңдесі жоқ дүниелерді ұсынуға мүмкіндіктің мол екенін атап өтті.

    Театрдың тұңғыш тұсаукесер қойылымы биыл көктемде Түркістан қаласында өткізу жоспарланып отырған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитінде өтеді. Өмірзақ Естайұлы киелі Түркістан шаһарына келіп, қазақ театры өнерінің дамуына үлесін қосқан өнер иелеріне сәттілік тіледі.

    Белгілі болғандай, Райымбек Сейтметов атындағы облыстық сазды-драма театрының ғимараты биыл күрделі жөндеуден өтетін болады. Театр жанындағы жатақхана да қалалық әкімдік есебінен толық жөндеуден өтпек. 20 жылдық тарихы бар қара шаңырақта 132 өнер иелері еңбек етіп келеді. 1938-жылы салынған мекеме ғимаратыкезінде теміржол мекемесінің киноклубы болғаны белгілі. Қайта күрделі жөндеуден өтіп, 2000 жылы театрға берілген.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.