Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында медиация институтын дамытуда
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында медиация институтын дамытуда

    Айғақ медиаАйғақ медиа23.01.2021486 Views

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУДА

    Медиация – мәміле алаңы. Ізгілікті қоғам құру құралы. Түркістан облысындағы медиация, яғни дауласушы тарапты бітімге келтіру үшін қызметін анықтау, жетілдіру және тұлғаның құқығы қорғалуы – басты назарда. Маңызды мәселе Қазақстан халқы ассамблеясының Түркістан облысы бойынша медиация кеңесінің кезекті отырысында ортаға салынды.

    Түркістан облысы әкім аппараты басшысының орынбасары, медиация кеңесінің төрағасы Ғани Рысбеков Түркістан облысында болған қылмыстар мен отбасылық жанжалдарды шешудегі медиаторлардың ықпалы туралы тоқталды.

    «Өткен жылғы карантин барысында ұстаз бен оқушы, ұстаз бен ата-ана арасындағы жан-жалдың көп жағдайда екі жақты тараптар арасындағы шиелініс күрделі жүйеге айналды. Осы жылы мәселелерді шешуге модераторлық жасақтың жоспардан ауытқымай атқарылуы арнайы мамандарға тапсырылады», – деді Ғ. Рысбеков.

    Өңірдегі медиация институтын даму бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндаған Түркістан облыстық сотының судьясы Бауыржан Тәңірбердиев орын алған қылмыс, заңбұзушылық факторларына тоқталып өтті.

    «Тұрғындар арасында туған дау-дамайды шешуде жұрт ауыл ақсақалдарына немесе заңнан хабары бар тұлғаларға жүгінеді. Бұқараның құқық қорғау органдарына жүгінуден қашқақтайтындығыны да бар. Осы орайда халықтың саяси сауаттылығын арттыру керек», – деді Б. Тәңірбердиев.

    Түркістан облысында 300-ге жуық медиатор бар.  Олардың 90 пайызы кәсіби емес, бірақ беделі, өмірлік тәжірибесі мол абыройлы азаматтар. Қоғамдық медиаторлар ауыл-аймақтағы ас-жиындарда, басқосуларда отбасылық құндылықтар, қоршаған ортаға құрмет туралы жақсы әңгімелер айтып, дау туындаған жағдайда ағайын-туыс, көрші-қолаң, дос-жаран арасына түсіп, басу айтып келеді. Осы арқылы олар мәселені үлкен дау-жанжалға жеткізбей, тараптарды татуластырып, төс қағыстырып ортақ мәмілеге келуіне сүбелі үлес қосуда.

    Өткен жылы ұйымдастырылған іс-шаралардың нәтижиесінде облыс бойынша 1361 дау медиация рәсімі арқылы сотқа дейінгі және сот барысындағы тәртіппен, медиаторлардың қатысуымен оң шешілген. Осы мәселеге қатысты облыстық «Жастар ресурстық орталығы» басшысы Амалбек Өміртай жастар арасында жиі  кездесетін проблемаларды атап, оларды шешу жолдарын жеткізді. Ауқымды жұмыстар әрі қарай жалғасын табады.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.