Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫН ҚҰРУ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ
    Айғақ MEDIA

    «ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫН ҚҰРУ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.01.2021705 Views

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен мәжілісте қаладағы индустриялық, агроиндустриялық және көлік-логистикалық аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтардың 2020 жылы атқарған қызметтері мен алдағы даму жоспары талқыланды. Атап айтқанда, «Жұлдыз» индустриялық аймағын құру, «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймақтары мен көлік-логистикалық аймағын дамыту, «Бозарық» агроиндустриялық аймағы бойынша мәселелер қаралды, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
    2020 жылы Шымкент қаласына 278 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда өсім 40%-ға артқан. Биылғы жоспарды 315 млрд теңгеге жеткізу бекітіліп отыр.

    – Инвестиция тартудың бірден-бір жолы – индустриялық және арнайы экономикалық аймақтарды дамытып, инвесторларға қолайлы жағдай жасау, инвестициялық мүмкіндіктерді барынша қалыптастыру. Жұлдыз индустриалды аймағы Шымкент қаласының тарихындағы ең мықты жобалардың бірі болмақ. Инженерлік инфрақұрылым жүйелерін (Электр қуаттылығы және сапалы газбен қамту) сапалы орындауды тапсырамын. Қажетті инфрақұрылымдар бойынша жобалау-сметалық құжаттама мен сараптамалық қорытынды алынып, тиісті бюджеттік өтінім берілуі тиіс. Келешектегі даму жоспарлары бойынша инфрақұрылым жүйелері қазірден мықтап қолға алынуы керек, – деді қала әкімі.

    Шаһар басшысы 306 га жер учаскелерін толығымен мемлекеттік мұқтажға қайтарып, инвесторларға дайын өндіріс паркін (Brownfield, Greenfield) құру бойынша ұсыныстар енгізу, 50 жаңа жоба тарту жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді. Сондай-ақ, аймақтың болашақ жоспарларын қазірден дамытып, барлық жобаларға дайын болу керек екенін айтты.
    «Жұлдыз» индустриялды аймағындағы инженерлік инфрақұрылым жүйелері құрылысын маусым айында бастау жоспарланған. Бүгінде 260 га жер учаскесі мемлекет мұқтажына қайтарылды.

    Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    укакуакуаку

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.