Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкент: Үздік сала қызметкерлері ел мақтанышы
    Айғақ MEDIA

    Шымкент: Үздік сала қызметкерлері ел мақтанышы

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.01.2021510 Views

    Шымкент қаласы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі Нұрлан Нұрсеитов қызмет бабында ғана емес спорт саласында да толағай табыстарды бағындырған. Құқық қорғау саласына да спортқа деген ынта-ықыласының нәтижесінде атбасын бұруға шешім қабылдаған. Бозбала кездегі қызығушылық уақыт өте келе оның кәсіби спортшы болып шыңдалуына септігін тигізген. 2000 жылдардан бастап аймақтық, республикалық сондай-ақ халықаралық додаларда топ жарған Нұрлан Жұмаханұлы бүгінде ізбасарлар тәрбиелеп, ұстаздық етіп келеді.

    «Боксқа 2000 жылдары келдім. Қазақстанның екі дүркін күміс жүлдегері, үш дүркін қола жүлдегерімін. Универсиада чемпионатының чемпионымын. Сондай-ақ әскерилер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан төрт дүркін және самбодан бір дүркін Қазақстан чемпионымын. Жалпы 20 жыл ішінде бірқатар жүлделі орындарды иемденіп, ел абыройын асқақтату үшін тер төгіп келемін» — дейді Нұрлан Нұрсеитов

    Шын ер жеңсе, тасымас. Осындай халық даналығына сусындап өскен азамат өзінің мол тәжірбиесін ізбасарларына үйретіп, шәкірт тәрбиелеуден жалыққан емес. Мәселен Шымкент қаласы Полиция департаментінің қамқорлығына алынған №4 балалар үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға екі жылға жуық шеберлік сағаттарын ұйымдастырып, жастарды спортқа баулыған. Нәтижесінде жасөспірімдер спорт додаларында топ жарып, жарыстарда биік жетістіктерден көрініп келеді. Сала қызметкерінің айтуынша дәл осы бағытта, яғни бапкерлікті әрмен қарай дамытып жас буынның қалыптасуына демеу көрсету басты мақсатым дейді. Тәуліктің кез-келген уақытында тосын жағдайларға даяр болуды талап ететін қызметтегі жауапкершіліктен өзге, ұстаздық етуді қатар алып жүрген Нұрлан Жұмаханұлы сала қызметкерлеріне үлгі әрі ел мақтанышы десек артық болмас.

    Шымкент қаласының ПД

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.