Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы жылды жақсы жаңалықпен бастады-, деп хабарлайды Айғақ-ақпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева 2021 жылды «Балалар әдебиеті жылы» деп жариялаған болатын.Ұлт ұстазы Ы.Алтынсариннің 180, Тәуелсіздіктің 30, кітапхананың 60,Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайдың 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп тұрған жыл балалардың білім нәрімен сусындауына, ізденуіне септігін қосқалы тұр.
Мерейлі жыл қарсаңында кітапхана қоры Тәуелсіздікке, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған жаңа кітаптармен толықты. «Мерейлі жылдағы маңызды міндеттер» атты экспозиция-кітап көрмесінің тұсауы кесілді. Сондай-ақ кітапхана ұжымы Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы мемориялдық мұражайынының қызметкерлерімен рухани байланыс орнатқан. Алдағы уақытта көрмеге мұражай қорындағы экспонаттардың фотосуреттері, сирек жазбалардың көшірмелері қойылатын болады. Айта кетейік, көрме жыл бойы жалғасын табады деп жоспарланған.